Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 15 қазандағы № 4 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес, Атбасар ауданы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2024 жылғы 8 қазандағы кезектен тыс отырысының хаттамасы негізінде, Тельман ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атбасар ауданы Тельман ауылдық округінің аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды өткізу үшін өзімді төтенше жағдайды жою басшысы етіп тағайындаймын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 8 тамызынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Тельман ауылдық округінің әкімі Гейдт О.В.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады