Жария сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылы әкімінің 2024 жылғы 30 мамырдағы № 6 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19, 69-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес, "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы өкілінің 2024 жылғы 11 сәуірдегі өтінішінің негізінде:

      1. Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылының Мир көшесі аумағында орналасқан талшықты-оптикалық байланыс желілері мен телефон кәріздерін төсеу және оларға қызмет көрсету үшін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына 10 жыл мерзімге жалпы ауданы 0,059 гектар жария сервитут белгіленсін.

      2. "Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) Oсы шешімнің көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Егіндікөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      м.а. Егіндікөл ауылының әкімі А.Филютина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады