Қазақстан Республикасының Жер Кодексiне, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, 2023 жылы 20 сәуірдегі № 2004-EL пайдалы қатты қазбаларды барлауға берілген лицензияның негізінде Ерейментау ауданы әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "КазГеоЭксплорейшен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi: 220440035666) 2023 жылы 20 сәуіріне дейінгі мерзімге Ерейментау ауданының Сілеті ауылы әкімшілік шекараларында жалпы ауданы 13528,0 гектар жер учаскелерін алып қоймастан пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында осы қаулының қосымшасына сәйкес қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "КазГеоЭксплорейшен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:
1) пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын;
2) жұмыстар аяқталғаннан кейін бүлінген жер учаскелерін одан әрі тікелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтірсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н.Мұқатов |
Ерейментау ауданы әкімдігінің 2024 жылғы "29" қаңтардағы № а-1/23 қаулысына қосымша |
Пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында қауымдық сервитут белгіленетін Сілеті ауылы әкімшілік шекараларында орналасқан жер учаскелері
№ | Кадастрлық нөмері | Жер пайдаланушы | Жер учаскесінің орналасқан жері | Жария сервитутпен ауыртпалық түсіретін жерлер, гектар | Жер санаты |
1 | 01-006-030-060 | Ахметов А.К. | Сілеті ауылы әкімшілік шекараларында | 267 | ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер |
2 | 01-006-030-061 | Купеев С.К. | Сілеті ауылы округінің әкімшілік шекараларында | 2807 | ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер |
3 | 01-006-044-006 | Рахимжанов К.С. | Сілеті ауылы округінің әкімшілік шекараларында | 37 | ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер |
4 | 01-006-044-011 | Ахметов А.К. | Сілеті ауылы округінің әкімшілік шекараларында | 818 | ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер |
5 | 01-006-044-005 | "Жана Береке" ЖШС | Сілеті ауылы округінің әкімшілік шекараларында | 306 | ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер |
6 | 01-006-030-059 | Жуманов М.К. | Сілеті ауылы округінің әкімшілік шекараларында | 3726 | ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер |
7 | 01-006-030-058 | Канафин Б.А. | Сілеті ауылы округінің әкімшілік шекараларында | 1944 | ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер |
8 | 01-006-030-057 | Зейнелова А.Ж. | Сілеті ауылы округінің әкімшілік шекараларында | 795 | ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер |
9 | 01-006-032-033 | Майканова Г.Е. | Сілеті ауылы округінің әкімшілік шекараларында | 315 | ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер |
10 | 01-006-032-047 | ТОО "Астана-Өріс" | Сілеті ауылы округінің әкімшілік шекараларында | 271 | ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер |
11 | 01-006- | "Сілеті ауылы әкімінің аппараты" ММ | Сілеті ауылы | 1342 | Елді мекеннің жерлері |
12 | 01-006- | Сілеті ауылы округінің әкімшілік шекараларында | 900 | босалқы жерлер | |
Барлығы | 13528 |