Қазақстан Республикасының № 148-II "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7 тармағына, 27 бабына, 31 бабынына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігі Вереринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Зеренді аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі 2024 жылғы 31 мамырдың № 01-11/229 ұсынысына сәйкес ШЕШТІМ:
1. Қонысбай ауылдық округінің Қонысбай ауылының тұрғыны Болат Махметұлы Канаевтің жеке шаруашылығындағы ЖС №KZT183702898 ірі қара малға 2024 жылғы 30 мамырда жасалған №SO-24-C14-(10)-01092-A-E сынақ хаттамасына сәйкес, Қонысбай ауылындағы жеке меншік табындағы ірі мүйізді қара малға шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Зеренді ауданы Қонысбай ауылдық округінің Қонысбай ауылына ветеринарлық тәртіппен жеке меншік табындағы ірі мүйізді қара малға шектеу қою шараларын енгізу туралы шешім қабылдансын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қонысбай ауылдық округінің әкімі | Ж.Башаров |