"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 5 қыркүйектегі № А-9/209 бірлескен қаулысы және Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 қыркүйектегі № 14/7 "Жер учаскесін орман қоры санатынан елді мекендердің жерлеріне ауыстыруға байланысты Хуторок ауылының елді мекенінің шекарасын (шегін) кеңейту туралы" шешімінің күші жойылсын.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сандықтау ауданының әкімі | Е.Жүсіпбеков |
Сандықтау төрайымы аудандық мәслихат | Г.Мұстафина |