Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 04.11.2024 № А-11/246 бірлескен қаулысымен және Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 04.11.2024 № 15/5 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5, 12-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 31-баптарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 18-02/45 бұйрығымен бекітілген Орман қоры жерi санатынан орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру қағидасының 12-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жер учаскесін орман қоры санатынан елді мекендердің жерлеріне ауыстыруға байланысты бұрын белгіленген нысаналы мақсатына сәйкес, жер учаскесін таңдау актісіне сәйкес алаңдарды пайдалану мүмкін еместігіне байланысты Хуторок ауылының елді мекенінің шекараларын (шегін) кеңейту мақұлдансын, Сандықтау ауданының "Сандықтау ОӨОШ" РММ Лейковский орман шаруашылығынан жалпы алаңы 62,6 га, 2 бөлімнің 2-тоқсанында орналасқан 2,17,21,25., 3 тоқсанда 5,11 телім., 6-тоқсанда 22,19 бөлу. 9-тоқсанда 56,58,47,48,49 бөлінді., 10-тоқсан 39..17-тоқсанда.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сандықтау ауданының әкімі | Е.Жүсіпбеков |
Сандықтау аудандық мәслихатының төрағасы | Г.Мұстафина |