Қоғамдық сервитут орнату туралы

Жаңа

Ақмола облысы Сандықтау ауданы Максимов ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 5 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35, 37-баптарына сәйкес Максимов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы, Сандықтау ауданы Спасское ауылында орналасқан "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына жалпы ауданы 0,0720 га (ұзындығы 360 метр, ені 2 метр) жер учаскелерін алып қоймай, талшықты-оптикалық байланыс желілері мен телефон кәріздерін төсеу және оларға қызмет көрсету үшін 10 жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.

      2. "Қазақтелеком" Акционерлік қоғамы талшықты-оптикалық байланыс желілері мен телефон кәріздерін төсеу және оларға қызмет көрсету мақсатында жер учаскесін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Е. Атыгаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады