Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 56-бабының 12-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, днсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесі және мөлшерін айқындау туралы" бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 9946), Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сұранысқа ие мамандықтар тізбесіне сәйкес Бурабай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін 2025 жылға келген, басшы лауазымдарды атқаратын "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін қоспағанда, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кент, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне берілсін:
1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – екі мың еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бурабай аудандық мәслихат төрағасы | М.Нұрпанова |