Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 9 қаңтардағы № 9 бұйрығы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналардың:

      1) "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының артиллериялық қару-жарақпен, оқ-дәрілердің жауынгерлік жиынтықтарымен, бронды қару-жарақпен және техникамен, автомобиль техникасымен, мүлкімен және жабдықтарымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 25 қбпү бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12085 болып тіркелген);

      2) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 23 қаңтардағы № 13 қбпү бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19977 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр полиция
генерал-лейтенанты
Е. Саденов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады