Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары әскери-дәрігерлік комиссияларының әкімшілік көрсеткіштерін есептеу әдістемесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 11 шiлдедегi № 555 бұйрығы.

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 18.09.2024 № 699 бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары әскери-дәрігерлік комиссияларының әкімшілік көрсеткіштерін есептеу әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясы (М.Ш. Ниязов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында электронды түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 18.09.2024 № 699 бұйрығымен.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр Е. Саденов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2024 жылғы 11 шілдедегі
№ 555 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары әскери-дәрігерлік комиссияларының әкімшілік көрсеткіштерін есептеу әдістемесі

      1. Осы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары әскери-дәрігерлік комиссияларының әкімшілік көрсеткіштерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары әскери-дәрігерлік комиссияларының әкімшілік көрсеткіштерін есептеу әдістемесін айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары әскери-дәрігерлік комиссияларының қызметінің көрсеткіштері есептеу объектілері болып табылады.

      3. Әдістеме Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери-дәрігерлік комиссиялары қызметінің көрсеткіштерін қамтиды:

      1) әскери-дәрігерлік комиссиядағы штаттық лауазымдар саны, бірлік;

      2) әскери-дәрігерлік комиссияда атқаратын лауазымдар саны, бірлік;

      3) әскери-дәрігерлік комиссияда атқаратын лауазымдардағы негізгі жұмыскерлердің жеке тұлғалар саны, адам;

      4) әскери-дәрігерлік комиссия жүргізген медициналық куәландыру қорытындыларының саны (барлығы), бірлік;

      5) құқық қорғау органдарына қызметке кандидаттарды медициналық куәландыру қорытындыларының саны, бірлік;

      6) құқық қорғау органдарына қызметке жарамсыз деп танылған кандидаттарды медициналық куәландыру қорытындыларының саны, бірлік;

      7) құқық қорғау органдарының оқу орындарына оқуға кандидаттарды медициналық куәландыру қорытындыларының саны (барлығы), бірлік;

      8) құқық қорғау органдарының оқу орындарына оқуға жарамсыз деп танылған кандидаттарды медициналық куәландыру қорытындыларының саны, бірлік;

      9) құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін медициналық куәландыру қорытындыларының саны (барлығы), бірлік;

      10) құқық қорғау органдарының әскери есептен шығара отырып, жарамсыз деп танылған қызметкерлер мен әскери қызметшілерін медициналық куәландыру қорытындыларының саны, бірлік;

      11) құқық қорғау органдарының бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды деп танылған қызметкерлер мен әскери қызметшілерін медициналық куәландыру қорытындыларының саны, бірлік;

      12) құқық қорғау органдарының әскери қызметке шектеулі жарамды деп танылған қызметкерлер мен әскери қызметшілерін медициналық куәландыру қорытындыларының саны, бірлік;

      13) әскери-дәрігерлік комиссия жүргізген психофизиологиялық тексеру қорытындыларының саны (барлығы), бірлік;

      14) құқық қорғау органдарына қызметке кандидаттарды психофизиологиялық тексеру қорытындыларының саны (барлығы), бірлік;

      15) құқық қорғау органдарына қызметке ұсынылмайтын деп танылған кандидаттарды психофизиологиялық тексеру қорытындыларының саны, бірлік;

      16) құқық қорғау органдарының оқу орындарына оқуға кандидаттарды психофизиологиялық тексеру қорытындыларының саны (барлығы), бірлік;

      17) құқық қорғау органдарының оқу орындарына оқуға ұсынылмайтын деп танылған кандидаттарды психофизиологиялық тексеру қорытындыларының саны, бірлік;

      18) құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін психофизиологиялық тексеру қорытындыларының саны (барлығы), бірлік;

      19) құқық қорғау органдарының ұсынылмайтын деп танылған қызметкерлер мен әскери қызметшілерін психофизиологиялық тексеру қорытындыларының саны, бірлік.

      2. Қалыптастыру кезеңділігі мен мерзімдері: тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 30-күніне дейін.

      3. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары әскери-дәрігерлік комиссияларының көрсеткіштерін қалыптастыру ақпаратының көзі: "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери-медициналық (медициналық) бөліністерінде (ұйымдарында) ведомстволық әскери-медициналық (медициналық) статистикалық есептілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 779 бұйрығымен бекітілген облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың полиция департаменттерінің әскери-дәрігерлік комиссияларының қызметі туралы есебінің нысаны (ІІМ ЖҚ № 7 нысаны).

      4. Көрсеткішті есептеу әдісінің сипаттамасы: республика бойынша әрбір көрсеткішті есептеу облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың полиция департаменттерінің әскери-дәрігерлік комиссияларының және Қазақстан Республикасы ІІМ Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясының ұқсас көрсеткіштерін агрегация жолымен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады