Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Ақтөбе облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы" облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 57 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Ақтөбе облысының елді жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларының 58-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"58. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33476 тіркелген, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 қыркүйектегі №265 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның мөлшерін есептеу үшін базалық ставкалардың 1-тармағында көзделген жеке және заңды тұлғалардың ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені және олардың өсуін тоқтату дәрежесіне дейін зақымдағаны, сүрек ұрлағаны үшін зиянның мөлшерін уәкілетті орган есептейді".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың төрағасы | Г. СҮЙІНТАЕВА |