"Sadyq Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2024 жылғы 21 қазандағы № 296 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 16, 69-баптарына, Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 54-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Sadyq Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне осы қаулының қосымшасына сәйкес 2032 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімге меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерлерді алып қоймай, газ құбырын салу және пайдалану үшін жалпы ауданы 0,06 гектар жер учаскесіне жария сервитут белгіленсін.

      2. "Sadyq Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыстар аяқталғаннан кейін алты ай мерзімде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптарды сақтай отырып, бұзылған жерлерді рекультивациялау бойынша іс-шаралар жүргізсін.

      3. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі А. Шахаров

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2024 жылғы 21 қазандағы № 296
қаулысына қосымша

"Sadyq Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу бойынша жерлердің экспликациясы

Жер учаскесінің орналасқан жері мен санаты

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты (орман қорының жерлері)

Жалпы ауданы, гектар

Ақтөбе қаласының әкімшілік аумағы

1

"Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Ақтөбе орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жерлері (кадастрлық нөмірі 02-036-155-1802)

газ құбырын салу және пайдалану үшін

0,06

Барлығы:

0,06


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады