Әйтеке би ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 257 шешімі

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) бұйрығына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 "Халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Әйтеке би ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1- қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Әйтеке би ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 203 "Әйтеке би ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әйтеке би аудандық
мәслихаттың төрағасы:
Б. Д. Сейлханов

  Әйтеке би аудандық
мәслихаттың 2024 жылғы
2 қыркүйектегі № 257 шешіміне
1-қосымша

Әйтеке би ауданы бойынша бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3

1

Абаттандырылған үй иеліктері және абаттандырылмаған

1 тұрғын

1,03

2

Қонақ үйлер, санаторилар, демалыс үйлері

1 орын

0,54

3

Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер

1 орын

0,32

4

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,47

5

Емханалар, медициналық орталықтар

1 келіп кету

0,002

6

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

0,86

7

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,31

8

Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

0,32

9

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар

1 отыратын орын

0,02

10

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м2

0,02

11

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,02

12

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2

0,3

13

Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер

сауда алаңы 1 м2

0,12

14

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

0,37

15

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,4

16

Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1 м2

0,16

17

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,23

18

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС

1 машина-орын

0,87

19

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

0,91

20

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

1,25

21

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1 м2

0,10

22

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,03

23

Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.)

1 жұмыс орны

0,02

24

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

0,16

  Әйтеке би аудандық
мәслихаттың 2024 жылғы
2 қыркүйектегі № 257 шешіміне
2-қосымша

Әйтеке би ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептеу бірлігі

Қызмет құны, теңге

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

тұрғын/айына

230,77

2

Жылдық тариф бірлігіне (көлем)

1 м3

2914,8


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады