Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы Тоқмансай ауылдық округі әкімінің 11.11.2024 № 20 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабы 3-тармағы, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Алға аудандық аумақтық инспекциясы" ММ басшысының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 02-06-1/190 ұсынысының негізінде Тоқмансай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе облысы Алға ауданы Тоқмансай ауылдық округінің "Жеті қазына" және "Өлетті" шаруа қожалықтары мүйізді ірі қара малдарының арасында қарасан жұқпалы ауруының анықталуына байланысты карантин белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Тоқмансай ауылдық округінің әкімі |
Ш. Ж. Кушкимбаев |