"СНПС-Ақтөбемұнайгаз" акционерлік қоғамымен барлау және бақылау ұңғымаларын бұрғылау мақсатында қауымдық сервитут белгілеу үшін

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 6 маусымдағы № 87 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 1-1) тармақшасына, 69 бабының 4 тармағына және 71-1 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Темір ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" Акционерлік қоғамымен барлау және бақылау ұңғымаларын бұрғылау үшін 33,6 га жер учаскелерді жер пайдаланушылардан алып қоймай, 20 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Темір аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен.

      1) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрдегі "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Темір ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Темір ауданының әкімі С. Аманбаев

  Темір ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 6 маусымдағы
№ 87 қаулысына қосымша

Қосымша: Жер қойнауын геологиялық зерттеу схемасы.

№ п/п

Бойлық (Долгота)

Ендік (Широта)

Уг.1

48 ֩ 34̍ 16, 0530 ̏

57 ֩ 06̍ 20, 8301 ̏

Уг.2

48 ֩ 34̍ 20, 4472 ̏

57 ֩ 06̍ 35, 3326 ̏

Уг.3

48 ֩ 34̍ 44, 5560 ̏

57 ֩ 06̍ 48, 7491 ̏

Уг.4

48 ֩ 34̍ 44, 7225 ̏

57 ֩ 06̍ 56, 3434 ̏

Уг.5

48 ֩ 34̍ 43, 0192 ̏

57 ֩ 06̍ 56, 3711 ̏

Уг.6

48 ֩ 34̍ 43, 0436 ̏

57 ֩ 06̍ 51, 7428 ̏

Уг.7

48 ֩ 34̍ 23, 4022 ̏

57 ֩ 06̍ 48, 0771 ̏

Уг.8

48 ֩ 34̍ 29, 7674 ̏

57 ֩ 07̍ 12, 6661 ̏

Уг.9

48 ֩ 34̍ 28, 4794 ̏

57 ֩ 07̍ 13, 3513 ̏

Уг.10

48 ֩ 34̍ 21, 7868 ̏

57 ֩ 07̍ 04, 9936 ̏

Уг.11

48 ֩ 34̍ 11, 2024 ̏

57 ֩ 06̍ 30, 4329 ̏

Уг.12

48 ֩ 34̍ 08, 2523 ̏

57 ֩ 06̍ 16, 5864 ̏

      "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ-дан сұратылатын 4,559 шаршы км. аумағында:

      - Толығымен "Арал Петролеум Капитал" ЖШС келісімшарттық аумағында орналасқан;

      - Ішінара (шамамен 70%) "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ, Кеңқияқ (түз үсті) келісімшарттық аумағында орналасқан.;

      - Ішінара (шамамен 60%) "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ, Кеңқияқ (түз асты);

      - Толығымен "Айвенго" ЖШС лицензиялық аумағында орналасқан;

      - Ішінара (шамамен 2%) елді мекеннің буферлік аймағының (1000 м) аумағында орналасқан-Кеңқияқ ауылы;

      -Сондай-ақ, сұралған аумақта автомобиль жолдары мен автомобиль көпірі орналасқан.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады