Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімінің 2024 жылғы 14 тамыздағы № 4 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33 - бабының 1 - тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48 - бабына және 50 - бабының 2 - тармағының 2) - тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м. а. 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32469 болып тіркелген) сәйкес, Ойыл ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының кезектен тыс шұғыл отырысының 2024 жылғы 10 тамыздағы № 6 хаттамасының негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:

      1. Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қайыңды ауылдық округінің Көсембай ауылының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Ойыл ауданы әкімінің орынбасары Сулейменов Саян Сапарұлы тағайындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ойыл ауданының әкімі А. Казыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады