ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
1. 2025 жылғы 1 шілдеге дейін Қазақстан Республикасының барлық облыстарында, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада таратудың негізінде заңды тұлғаның қызметін автоматтандырылған режимде тоқтату бойынша пилоттық жоба іске қосылсын.
2. Таратудың негізінде заңды тұлғаның қызметін автоматтандырылған режимде тоқтату бойынша пилоттық жобаны іске асыру тәртібі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Әділет, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Қаржы министрліктері Таратудың негізінде заңды тұлғаның қызметін автоматтандырылған режимде тоқтату бойынша пилоттық жобаны іске асыру тәртібін орындауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау тиісті бағыттарға жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының әділет, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, қаржы вице-министрлеріне жүктелсін.
5. Осы бірлескен бұйрық 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі | _______________А. ЕсқараевҚазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі _______________Б. Мусин |
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_______________М. Такиев
Таратудың негізінде заңды тұлғаның қызметін автоматтандырылған режимде тоқтату бойынша пилоттық жобаны іске асыру тәртібі 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы тәртіп таратудың негізінде заңды тұлғаның (коммерциялық ұйымдардың) (бұдан әрі - Көрсетілетін қызметті алушы) қызметін автоматтандырылған режимде тоқтату процесін айқындайды (бұдан әрі - Тәртіп) және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес әзірленді.
2-тарау. Пилоттық жобаны іске асыру тәртібі
2. Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 50-бабына сәйкес заңды тұлғаны тарату туралы ақпаратты жариялайды.
3. Осы Тәртіптің қосымшасына сәйкес Көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның қызметін тоқтату туралы өтінішті "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - Портал) арқылы береді.
Өтінішке PDF нұсқадағы аралық таратылу теңгерімі қоса тіркеледі.
4. Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу үшін төлемақы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Көрсетілетін қызметті беруші) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
5. Өтініш берген кезде тіркелген филиалдардың (өкілдіктердің) болуына Портал арқылы "Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер қорынан (бұдан әрі - ЗТ МДҚ) автоматты түрде мәліметтер сұратылады.
Бұлар анықталған жағдайда Көрсетілетін қызмет алушыға олардың бар екені туралы хабарлама жолданады.
6. Қоса тіркелген PDF нұсқадағы аралық таратылу теңгерімі бар өтініш "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген тексерулерді жүргізу үшін Салықтық әкімшіліктің біріктірілген жүйесіне (бұдан әрі – СӘБЖ) түседі.
7. Азаматтық кодекстің 50-бабының 3-тармағының талаптарына сәйкес тексерулер қорытындысы бойынша оң қорытынды СӘБЖ-ден ЗТ МДҚ-ға жолданады.
8. ЗТ МДҚ-ға оң нәтиже келіп түскеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Тәртіптің 4 және 5-тармақтарында көзделген мәліметтер автоматты түрде сұратылады және заңды тұлға қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы бұйрық қалыптастырылып, Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.
9. Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды тіркеу кезінде ЗТ МДҚ "Тарату" мәртебесіндегі заңды тұлғаларды есептен шығару үшін СӘБЖ-ге хабарлама жібереді.
3-тарау. Нәтижесіне шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған жағдайда, шағым Қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы уәкілетті органдарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органға беріледі.
11. Көрсетілетін қызметті берушінің атына және мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы уәкілетті органдарға келіп түскен Көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен Көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
12. Мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдану нәтижелері бойынша қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Заңды тұлғаның (коммерциялық ұйымдардың) қызметін автоматтандырылған режимде тоқтату бойынша пилоттық жобаны іске асыру тәртібіне қосымша |
Заңды тұлғаның қызметін тоқтату туралы өтініш
1. Заңды тұлғаның (коммерциялық ұйымның) атауы
____________________________________________________________________
2. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) (болмаған жағдайда-тіркеу нөмірі)
____________________________________________________________________
3. Заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның не заңды тұлға органының шешім шығарған күні мен нөмірі, сондай-ақ кім қабылдады:
____________________________________________________________________
4. Заңды тұлғаның қызметін тоқтату туралы хабарландыруды жариялау туралы мәліметтер, жарияланған баспасөз басылымының атауы, жариялау күні, нөмірі:
____________________________________________________________________
5. Заңды тұлғаның филиалдары (өкілдіктері) туралы мәліметтер (тиісінше х ұяшықта көрсетіңіз)
1) иә __________ 2) жоқ ___________
6. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 59-бабы негізінде қызмет тоқтатылады (х ұяшықта көрсетіңіз)
иә __________
7. Таратылу жағдайындағы салықтық есеп салықтың, бюджетке төленетін төлемдер мен әлеуметтік төлемдердің келесі түрлері бойынша ұсынылған (бюджеттік сыныптама кодын көрсету):
1) ____; 2) ____; 3) ____; 4) ____; 5) ____.
8. Өтінішке:
PDF нұсқадағы аралық таратылу теңгерімі (неше парақта екенін көрсету) қоса беріледі:
____ парақта.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін
____________________________________________________________________
"___" _______ 20 __ ж. (Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы)