"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 15 шілдедегі № 552 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі;
2) осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі;
3) осы бұйрықтың 3 қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы, Мәжбүрлеп орындату, Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеттері заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық бекітілгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрлеріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
А.Н. Есқараев |
Бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 22 шілдедегі № 617 бұйрығымен бекітілген |
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ведомствосы болып табылады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері және мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар.
4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарды жасайды.
5. Комитеттің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұған уәкілеттік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер Үйі" әкімшілік ғимараты, 13-кіреберіс.
9. Толық атауы – "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Комитеттің міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттер:
1) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласындағы реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын орындау, сондай-ақ стратегиялық функцияларды орындауға қатысу;
2) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін қамтамасыз етуге, жалпымемлекеттік даму стратегиясын әзірлеуге және іске асыруға қатысу арқылы қазақстандық қоғам мен мемлекеттің орнықты және үдемелі дамуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ өз құзыреті шегінде мемлекеттің реттеушілік саясатын іске асыруға бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысу;
3) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;
4) оған Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
14. Құқықтар мен міндеттер:
1) өз құзыреті шегінде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғамайтын орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
2) мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан қажетті ақпаратты және материалдарды қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде, сондай-ақ Министрліктің құрылымдық, аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарынан ақпаратты, құжаттарды, анықтамаларды, есептерді, есеп айырысуларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді және Комитетке жүктелген функциялар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті басқа да материалдарды сұрату және алу;
3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға өздері қабылдаған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын актілердің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы ұсыныстар енгізу;
4) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге де іс-шаралар өткізу;
5) Комитетке жүктелген міндеттер мен функциялардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;
7) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер мен пікірлер беру;
8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;
9) өз құзыреті шегінде Министрліктің аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарына орындау үшін міндетті нұсқаулар беру;
10) Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымының қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
11) азаматтар мен заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау кезінде жүйелі қателіктерді анықтау үшін талдау жүргізу;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындаушылық және еңбек тәртібін, тиісті еңбек жағдайларын қамтамасыз ету;
13) Комитеттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Үкіметінің тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
14) Комитет қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру бойынша жұмыс жүргізу;
15) өзіне берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыру;
16) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау және азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитеттің құқықтары мен мүдделірін қорғау мақсатында сотқа талап арызбен жүгіну;
18) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру және өзге де міндеттерді орындау.
15. Комитеттің функциялары:
1) зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;
2) зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу және басқа да жұмыстарға қатысу;
3) зияткерлiк меншiк объектілерін қорғау және пайдалану мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық;
4) зияткерлiк меншiкті сақтау мен қорғау саласындағы қызметті ведомствоаралық үйлестіруді және осы саладағы уәкілетті органдарға, сондай-ақ мүдделі ұйымдарға әдістемелік көмек көрсетуді жүзеге асыру;
5) уәкілетті органдар мен ұйымдардың осы саладағы заңнаманы сақтауын және халықаралық шарттарды орындауын қоса алғанда, олардың зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруының мониторингі;
6) мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың, патенттік сенім білдірілгендердің қызметiн бақылау және олармен өзара іс-қимыл жасау;
7) патенттiк iс саласындағы сараптаманы және авторлық құқықты ресми тізілімдерде тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымның қызметiн бақылауды жүзеге асыру;
8) ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын ұйымдарды аккредиттеу;
9) мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердің атауын немесе фирмалық атауды пайдалануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
10) заң жобалау жұмысын жүргізу, заңнаманы жетілдіру;
11) шет мемлекеттердің тиісті ұйымдарымен халықаралық байланыстарды орнату және қолдау;
12) өз құзыреті шегінде "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау рәсімдерін жүргізу;
13) өз қызметі саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану практикасын, оның ішінде "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі нәтижелерін талдау мен қорыту және оны жетілдіру, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде тиісті ұсыныстар енгізу;
14) заңнамаға түсіндірме беруге, уәкілетті мемлекеттік органдар жүргізетін дауларды шешу жөніндегі келіссөздер процестеріне қатысу;
15) адам мен азаматтың, ұйымдар мен мемлекеттердің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау және қорғау;
16) заң жобалау, сараптама, ғылыми-зерттеу жұмыстарын және консультацияларды жүзеге асыруға осы мақсаттарда бюджеттік және өзге де қаражатты пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың мамандары мен сарапшыларын, оның ішінде шетелдік мамандар мен сарапшыларды тарту;
17) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсету;
18) өз құзыреті шегінде бақылау және қадағалау функциялары берілген мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша ақпарат ұсыну;
19) ақпараттық қауіпсіздікті сақтау;
20) ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;
21) мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыруды, қолжетімділігін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу;
22) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн сақтау;
23) өз құзыреті шегінде реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыру, сондай-ақ стратегиялық функцияларды орындауға қатысу;
24) өз құзыреті шегінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғамайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
25) реттелетін салада мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау;
26) жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау, сондай-ақ өтініш иелері көтерген жүйелі проблемаларға талдау жүргізу және оларды анықтау;
27) заңнамада белгіленген тәртіппен зияткерлік меншік құқықтарын өзара қорғау туралы халықаралық шарттарды дайындауға және жасасуға, мұндай шарттарға қол қоюға қатысу;
28) зияткерлік меншік құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық шарттардың және келісімдердің нормалары мен ережелерін іске асыру;
29) топологияларды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне енгізу және тіркеу туралы куәліктерді, автор куәліктерін беру қағидаларын әзірлеу;
30) Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде селекциялық жетiстiктерді тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, патенттердің күшін жою және қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын әзірлеу;
31) өнеркәсіптік меншік объектілерін Өнертабыстардың мемлекеттік тізілімінде, Пайдалы модельдердің мемлекеттік тізілімінде, Өнеркәсіптік үлгілердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, патенттерді жарамсыз деп тану және олардың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын әзірлеу;
32) тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды, тауарлар шығарылған жерлердiң атауларын Тауар белгілерінің, географиялық нұсқамалардың және тауарлар шығарылған жерлердің атауларының мемлекеттік тізілімдерінде тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, тіркеудің қолданысын тоқтату және оны жарамсыз деп тану қағидаларын әзірлеу;
33) топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын әзірлеу;
34) селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын әзірлеу;
35) өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды тиісті мемлекеттік тізілімдерде тіркеу қағидаларын әзірлеу;
36) тауар белгісіне айрықша құқық беруді, оны пайдалануға құқықты табыстауды Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын әзірлеу;
37) Селекциялық жетістіктердің, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, тауар белгілерінің, географиялық нұсқамалардың, тауарлар шығарылған жерлердің атауларының мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмелер беру қағидаларын әзірлеу;
38) селекциялық жетістіктерді, өнеркәсіптік меншік объектілерін, тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды, тауарлар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге қатысты мәліметтерді және тіркелген топологиялар туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялау тәртібін әзірлеу;
39) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес өнеркәсіптік меншік объектілеріне, селекциялық жетістіктерге, тауар белгілеріне арналған өтінімдерді қарау қағидаларын әзірлеу;
40) топологияларды тіркеу туралы өтінімдерге сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу;
41) селекциялық жетiстiктерге арналған өтінімдерге алдын ала сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу;
42) өнеркәсіптік меншік объектілеріне, тауар белгілеріне, географиялық нұсқамаларға, тауарлар шығарылған жерлердің атауларына, топологияларды тіркеу туралы өтінімдерге сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу;
43) патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу қағидаларын әзірлеу;
44) аттестаттау комиссиясы, апелляциялық кеңес, апелляциялық комиссия, тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия туралы ережелерді әзірлеу;
45) аттестаттау комиссиясының, апелляциялық кеңестің, апелляциялық комиссияның және тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссияның қызметін ұйымдастыру;
46) апелляциялық кеңестің қарсылықтарды қарау қағидаларын әзірлеу;
47) патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау, оларды патенттік сенім білдірілген өкілдер тізілімінде тіркеу, патенттік сенім білдірілген өкілдер тізілімінен шығару, патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін жарамсыз деп тану және патенттік сенім білдірілген өкілдер тізіліміндегі мәліметтерді жою;
48) "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 5-тармағында, 39-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда сыйақы мөлшері мен оны төлеу шарттарын белгілеу бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;
49) мәдениет, жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау салаларындағы мүдделі уәкілетті органдармен келісу бойынша туындыларды пайдаланудың кейбір түрлері үшін авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелерін бекіту бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;
50) мәдениет, жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау салаларындағы мүдделі уәкілетті органдармен келісу бойынша орындаушылар мен фонограмма жасаушыларға сыйақының ең төмен мөлшерлемелерін бекіту бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;
51) туындыларды пайдаланудың кейбір түрлері үшін авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелерін қолдану жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;
52) орындаушылар мен фонограмма жасаушыларға ең төмен сыйақы мөлшерлемелерін қолдану жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;
53) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау;
54) өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер хаттамаларын жасау;
55) Министрлiк қабылдаған және (немесе) өзі әзірлеушi болып табылатын не өзінің құзыретiне жататын нормативтiк құқықтық актiлердiң құқықтық мониторингiн жүргізу және оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану жөніндегі шараларды уақтылы қабылдау;
56) өз құзыреті шегінде реттеушілік әсерді талдауды жүзеге асыру;
57) өзiне жүктелген мiндеттердi шешу кезiнде орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдармен, оның iшiнде құқық қорғау және бақылау органдарымен, сондай-ақ лауазымды адамдармен өзара iс-қимыл жасап отыру;
58) кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
59) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жіберу;
60) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізу;
61) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлеу;
62) заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3-тарау. Комитет төрағасының мәртебесі және өкілеттіктері
16. Комитеттің басшылығын Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын Төраға жүзеге асырады.
17. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Комитет төрағасының өкілеттіктері:
1) Министрлік басшылығына Комитеттің құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар береді;
2) Министрліктің Аппарат басшысына өз орынбасарларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы ұсыныстар енгізеді;
3) өз орынбасарларының, Комитет қызметкерлерінің өкілеттіктерін айқындайды, Комитет қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін бекітеді;
4) заңнамаға сәйкес еңбек қатынастары мәселелері оның құзыретіне жатқызылған Комитет қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
6) Министрліктің тиісті құрылымдық бөлімшесіне Комитет қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолдану не көтермелеуді қолдану мәселесін қарау туралы қызметтік жазба енгізеді;
7) Комитеттің атынан мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда өкілеттік етеді;
8) Комитет атынан келісімдер, шарттар және өзге де мәмілелер жасасады;
9) өз құзыретіне жатқызылған басқа мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
10) реттелетін салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
11) өз құзыреті шегінде Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдағаны үшін дербес жауапты болады;
12) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
20. Комитет төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4-тарау. Комитеттің мүлкі
21. Заңнамада көзделген жағдайларда Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Комитет өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің қарамағындағы ведомстволық бағынысты ұйымдардың тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 22 шілдедегі № 617 бұйрығымен бекітілген |
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ведомствосы болып табылады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері болады.
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Комитеттің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте Төрағаның бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Комитеттің құрылымы және штатының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Комитеттің орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, № 13 кіреберіс.
9. Комитеттің толық атауы – "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Комитеттің міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
1) реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын орындау, сондай-ақ атқарушылық құжаттарды орындаудың мемлекеттік саясаты саласындағы стратегиялық функцияларды орындауға қатысу;
2) жалпымемлекеттік даму стратегиясын әзірлеу мен іске асыруға қатысу арқылы, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін, қазақстандық қоғам мен мемлекеттің орнықты және дәйекті дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысу, сондай-ақ өз құзыреті шегінде мемлекеттік реттеу саясатын қалыптастыру және іске асыру;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
14. Комитеттің құқықтары мен міндеттері:
1) Комитетке жүктелген міндеттер мен функциялардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
2) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ведомствоаралық үйлестiруді және бақылауды жүзеге асыру;
3) Комитеттің құзіретіне кіретін мәселер бойынша түсіндірмелер мен пікірлер беру;
4) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан,олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
5) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан, азаматтардан, қоғамдық бірлестіктерден қажетті ақпаратты және материалдарды қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде, сондай-ақ Министрліктің құрылымдық, аумақтық бөлімшелерінен және ведомстволық бағынысты ұйымдарынан Комитетке жүктелген функциялар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін қажет ақпаратты, құжаттарды, анықтамаларды, есептерді, ауызша және жазбаша түсініктемелерді және басқа материалдарды сұрату және алу;
6) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың Құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;
8) жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау және азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру;
9) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде белгіленген тәртіппен азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін, сондай-ақ қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін сотқа талап арызбен жүгіну;
10) өз құзыреті шегінде Министрліктің аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарына орындау үшін міндетті нұсқаулар беру;
11) Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасымен және жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарымен өзара іс-қимыл жасау;
12) лицензиялауды және лицензиаттардың лицензиялық талаптарды сақтауы жөніндегі қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
13) Министрліктің тиісті бөлімшелердің басшыларымен келісе отырып құрылымдық, аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерін тексеру жүргізу, нормативтік құқықтық актілер мен басқа да құжаттарды дайындау, сондай-ақ ұйымдастыру-бақылау мәселелерін шешуге тарту;
14) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсету;
15) халықаралық, шетелдік соттар мен төреліктердің шешімдерін орындау саласында шет мемлекеттердің атқарушылық іс жүргізу қызметтерімен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындаушылық және еңбек тәртібін, тиісті еңбек жағдайларын қамтамасыз ету;
17) Комитеттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Үкіметі тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
18) Министрліктің уәкілетті құрылымдық бөлімшесіне оның құзыретіне кіретін мәселелері бойынша Министрліктің жедел (аппараттық) кеңестерінде қарау үшін материалдар ұсыну;
19) Комитет қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру бойынша жұмыс жүргізу;
20) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру және өзге де міндеттерді орындау;
21) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге де іс-шаралар өткізу;
22) өзіне берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыру.
Міндеттер мен өкілеттіктерді іске асыру Қазақстан Республикасының заңнамасында мемлекеттік органдар үшін белгіленген құзырет шегінде жүзеге асырылады.
15. Комитеттің функциялары:
1) өз құзыреті шегінде реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларына, стратегиялық функцияларды орындау және қатысу бойынша әсер етуді реттеушілікке талдауды жүзеге асыру;
2) Комитеттің құзыреті шегінде Министрліктің даму жоспарында және операциялық жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыру;
3) атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану практикасын талдау және қорыту, оны жетілдіру жөнінде тиісті ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ атқарушылық құжаттарды орындау жөнінде әдістемелік, нұсқаулық, түсіндіру ұсынымдарын әзірлеу және практикалық көмек көрсету;
4) өз құзыреті шегінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғамайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
5) заңнамаға сәйкес атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету;
6) жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау, сондай-ақ арыз иелері көтерген жүйелі проблемаларға талдау жүргізу және оларды анықтау;
7) адам мен азаматтың, ұйымдар мен мемлекеттердің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау және қорғау;
8) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау;
9) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсету;
10) мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыруды, қолжетімділігін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу;
11) жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялауды жүзеге асыру;
12) жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешім қабылдау, сондай-ақ "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша жеке сот орындаушыларының лицензияларынан айыру туралы талап қоюға бастама жасау;
13) жеке сот орындаушысының лицензиясы берілген адамдар туралы мәліметтерді олардың тегін, атын, әкесінің атын (егер олар жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), лицензия берілген күнді және оның нөмірін көрсете отырып, мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз ету;
14) Қазақстан Республикасының жеке сот орындаушылары лицензияларының мемлекеттік тізілімін жүргізу;
15) мемлекеттік органдармен жеке сот орындаушыларын жария тізілімдер мен электрондық дерекқорларға қосу туралы шарттар жасасу;
16) тыйым салынған мүлікті өткізу бойынша бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауды жүзеге асыру тәртібін әзірлеу;
17) Бірыңғай электрондық сауда алаңы операторының қызметін бақылауды жүзеге асыру;
18) өз құзыреті шегінде атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – АЖ) және Бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын жаңғырту және дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу;
19) АЖ-дағы статистикалық деректердің дұрыстығын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
20) АЖ және Бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы қызметінің заңнамасында белгіленген талаптарының сақталуына мониторинг және бақылау жүргізу;
21) өз құзыреті шегінде мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылауды жүзеге асыру;
22) атқарушылық іс жүргізу және жеке орындау мәселелері бойынша тапсырмаларды уақтылы және сапалы орындамағаны үшін одан әрі олардың жауаптылығы туралы мәселені қарай отырып, аумақтық әділет органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
23) атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша аумақтық әділет органдарының қызметіне тақырыптық тексерулерді жүзеге асыру;
24) бақылау және қадағалау функциялары берілген мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша ақпарат ұсыну;
25) халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердің сот тапсырмалары мен өтінішхаттарын орындау;
26) сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандарын әзірлеу;
27) жеке сот орындаушылары көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы есеп пен жиынтық есеп нысанын әзірлеу;
28) жеке сот орындаушыларының мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуі туралы келісім нысанын әзірлеу;
29) алименттер мен жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша мәжбүрлеу шараларын қабылдауға байланысты жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерін және қағидаларын әзірлеу;
30) жеке сот орындаушысының қызметтік үй-жайының орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптарды әзірлеу;
31) тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу тәртібі мен шарттарын белгілеу;
32) жеке сот орындаушыларының куәлігі мен жеке мөрінің үлгілерін әзірлеу;
33) жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту қағидаларын әзірлеу;
34) жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерін әзірлеу;
35) жеке сот орындаушыларын есептік тіркеу тәртібін әзірлеу;
36) жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу жөніндегі комиссияның ережесін әзірлеу;
37) тыйым салынған мүлікті өткізудің, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізудің қағидаларын әзірлеу;
38) ата-ана алатын және алименттер ұсталатын жалақы және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесін әзірлеу;
39) жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру тәртібін әзірлеу;
40) жеке сот орындаушыларының іс жүргізу қағидаларын әзірлеу;
41) жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының өз қызметі туралы ақпарат беру нысаны мен мерзімдерін әзірлеу;
42) атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы атқарушылық құжаттарды жеке сот орындаушылары арасында бөлу тәртібін әзірлеу;
43) мемлекеттік сот орындаушыларының нысанды киімінің (погонсыз), жетоны мен эмблемасының үлгілерін әзірлеу;
44) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік сот орындаушыларын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын әзірлеу;
45) атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстарды есептеу әдістемесін әзірлеу;
46) жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін белгіленген тәртіппен жауапты деп танылған, таратылатын заңды тұлғаның мүлкі болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда осы зиянды өтеу жөніндегі тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру сомаларын мемлекеттен өндіріп алу жөніндегі атқарушылық іс жүргізуді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
47) қоныс аудару (қоныстандыру), бұзу, баламен қарым-қатынас жасау тәртібі және баланың тұрғылықты жерін айқындау туралы атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл тәртібін әзірлеу;
48) лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
49) реттелетін салада мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
50) халықаралық сот органдарының мемлекеттік органдарға келіп түскен сұрау салуларын қарау, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдар бастама жасаған халықаралық сот органдарына жолданымдардың жобаларын келісу;
51) Премьер-Министрдің, оның орынбасарының немесе Үкімет Аппараты Басшысының тапсырмасы бойынша соттарда Үкімет пен Премьер-Министрдің мүдделерін білдіруді және қорғауды ұйымдастыру, сондай-ақ Комитеттің құзыретіне кіретін, талқылау нысанасына айналған мәселелер бойынша Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша конституциялық іс жүргізуге қатысу, сот талқылауларында мемлекеттік органдарға құқықтық және консультациялық көмек көрсету;
52) заңнамаға түсіндірме беруге, уәкілетті мемлекеттік органдар жүргізетін дауларды шешу жөніндегі келіссөздер процестеріне қатысу;
53) Комитеттің құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға ғылыми-әдістемелік және заң көмегін көрсету;
54) ақпараттық қауіпсіздікті сақтау;
55) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;
56) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3-тарау. Комитет төрағасының мәртебесі мен өкілеттіктері
16. Комитетті басқаруды Төраға жүзеге асырады, ол Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Төрағаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Комитет төрағасының өкілеттіктері:
1) Министрлік басшылығына Комитеттің құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар береді;
2) Министрліктің Аппарат басшысына комитет төрағаларының орынбасарларын лауазымға тағайындау туралы ұсыныстар енгізеді;
3) өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын, Комитет регламентін бекітеді;
4) заңнамаға сәйкес еңбек қатынастары мәселелері оның құзыретіне жатқызылған Комитет қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
5) өз құзыреті шегінде Комитет қызметкерлері мен жұмыскерлерінің орындауы үшін міндетті бұйрықтарға қол қояды, нұсқаулар береді;
6) Министрліктің тиісті құрылымдық бөлімшесіне Комитет қызметкерлері мен жұмыскерлеріне тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізеді;
7) Министрліктің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне Комитет қызметкерлері мен жұмыскерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалыстарын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;
8) өз құзыреті шегінде Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдағаны үшін дербес жауапты болады;
9) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында және өзге де ұйымдарында және халықаралық қатынастарда сенімхатсыз Комитет атынан өкілдік етеді;
10) Комитет атынан келісімдер, шарттар және өзге де мәмілелер жасасады;
11) заңнамаға сәйкес Комитет атынан заңды және жеке тұлғаларға шағымдар мен талап қою туралы шешімдер қабылдайды;
12) реттелетін салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
13) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
14) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
20. Комитет төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4-тарау. Комитеттің мүлкі
21. Комитеттің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Комитеттің мүлкі оған мүлік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
23. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бұйрыққа 3-қосымша | |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 22 шілдедегі № 617 бұйрығымен бекітілді |
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) заңды тұлғаларды тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді, азаматтық хал актілерін және апостиль қою, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, жылжымайтын мүлікті кепілге қоюды тіркеу, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру, заң қызметтерін ұйымдастыру және лицензиялау саласындағы реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері болады.
4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
5. Комитет, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Төрағаның бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Комитеттің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Комитеттің орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, № 13 кіреберіс.
9. Комитеттің толық атауы: "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің өкілеттілігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Комитеттің міндеттері және құзыреті
13. Міндеттері:
1) заңды тұлғаларды және филиалдар мен өкілдіктерді, азаматтық хал актілерін, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, жылжымайтын мүлікті кепілге қоюды тіркеу, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру, заң қызметтерін ұйымдастыру және лицензиялау саласындағы реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын орындау, сондай-ақ стратегиялық функцияларды орындауға қатысу;
2) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін қамтамасыз етуге, жалпымемлекеттік даму стратегиясын әзірлеуге және іске асыруға қатысу арқылы қазақстандық қоғам мен мемлекеттің орнықты және үдемелі дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысу;
3) оларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
14. Комитеттің құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғамайтын, орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
2) мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан қажетті ақпаратты және материалдарды қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде, сондай-ақ Министрліктің құрылымдық, аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарынан Комитетке жүктелген функциялар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, құжаттарды, анықтамаларды, есептерді, есеп айырысуларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді және басқа да материалдарды сұратады және алады;
3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға өздері қабылдаған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын актілердің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
4) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге де іс-шаралар өткізеді;
5) Комитетке жүктелген міндеттер мен функциялардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтайды;
7) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша пікірлер мен түсініктемелер береді;
8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысады;
9) өз құзыреті шегінде Министрліктің аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарына орындау үшін міндетті нұсқаулар береді;
10) лицензиаттардың лицензиялық талаптарды сақтауы жөніндегі қызметін бақылауды және лицензиялауды жүзеге асырады;
11) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шет мемлекеттердің әділет министрліктерімен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтасады;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындаушылық және еңбек тәртібін, тиісті еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді;
13) Комитеттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Үкіметінің тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;
14) Комитет қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру бойынша жұмыс жүргізеді;
15) өзіне берілген мүлікті басқаруды жүзеге асырады;
16) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарайды, азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады;
17) Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіппен азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін, сондай-ақ қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін сотқа талап арызбен жүгінеді;
18) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру және өзге де міндеттерді орындайды.
Міндеттер мен өкілеттіктерді іске асыру Қазақстан Республикасының заңнамасында мемлекеттік органдар үшін белгіленген құзырет шегінде жүзеге асырылады.
15. Комитет функциялары:
1) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасын өз қызметі саласында қолдану практикасын, оның ішінде "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингінің нәтижелерін талдау мен қорыту және оны жетілдіру Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде тиісті ұсыныстар енгізу;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау;
4) заң көмегін ұйымдастыру, мемлекеттік тіркеу саласын жүзеге асыру бойынша тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарын әзірлеу;
5) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып электрондық қызметтер көрсету;
6) мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыруды, қолжетімділігін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу;
7) жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау, сондай-ақ өтініш иелері көтеретін жүйелі проблемаларға талдау жүргізу және оларды анықтау;
8) адам мен азаматтың, ұйымдар мен мемлекеттердің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау және қорғау;
9) бақылау және қадағалау функциялары берілген мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша ақпарат беру;
10) өз құзыреті шегінде реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын, стратегиялық функцияларды орындауға қатысу және реттеушілік әсерді талдауды жүзеге асыру;
11) Комитеттің құзыреті шегінде Министрліктің даму жоспарында және операциялық жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыру;
12) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Үкіметтің нормативтік құқықтық актілеріне ресми түсіндірме беру;
13) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдарға ғылыми-әдiстемелiк және заң көмегін көрсету;
14) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жылжымайтын мүлiкке қатысты құқықтарды мемлекеттiк тiркеу, коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
15) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының жылжымайтын мүлкіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
16) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау және жылжымалы мүлік кепілдігін тізілімін жүргізу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
17) құқықтық кадастрды қолдауға қойылатын талаптарды, құқықтық кадастрға қол жеткізу қағидаларын әзірлеу;
18) жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы статистикалық және өзге де есептік ақпаратты ұсыну қағидаларын әзірлеу;
19) жылжымайтын мүлікке құқықтарды, оның ішінде жеделдетілген тәртіппен мемлекеттік тіркегені және ғимараттарды, құрылысжайларды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарағаны үшін тіркеуші орган өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдар аймақтарға бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес бекітетін салық салу объектісінің елді мекенде орналасқан жерін есепке алатын аймақтарға (К аймағы) бөлу коэффициентін келісу;
20) жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау бойынша нұсқаулығын әзірлеу;
21) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын әзірлеу;
22) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрының ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану тәртібін әзірлеу;
23) құқықтық және өзге де кадастрларды жүргізу мақсатында ақпарат алмасу бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындау;
24) құқықтық кадастрдан ақпарат беру тәртібін әзірлеу;
25) құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүргізу тәртібі мен мерзімдерін, жылжымайтын мүліктің бастапқы және қайталама объектілеріне кадастрлық нөмір беру тәртібін, сондай-ақ құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізу үшін міндетті мәліметтер нысанын, жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының нысанын әзірлеу;
26) екінші деңгейдегі банктермен жасалатын банктік қарыз шартын қамтамасыз етуге берілген кепілді электрондық тіркеу тәртібін әзірлеу;
27) жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтардың ауыртпалықтарын) электрондық тіркеу тәртібін әзірлеу;
28) құқықтық кадастрда жүйелі тіркеуді жүргізу мерзімдері мен тәртібін әзірлеу;
29) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу қызметіне әдістемелік басшылық жасау;
30) коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, олардың филиалдары мен өкiлдiктерін есептiк тiркеуді жүзеге асыру;
31) коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу бойынша тіркеуші орган іске асыратын қызметтердің монополияға қарсы органмен келісу бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметін ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті органның шешімімен белгіленетін бағаларын келісу;
32) аумақтық әдiлет органдарының "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы талаптарының орындалуын бақылау;
33) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
34) Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғаны анықталған жағдайда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына бұзушылықтарды жою туралы ұсыну жолдау;
35) шағын, орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiлеріне жататын заңды тұлғалардың үлгілік жарғысының мазмұнын әзірлеу;
36) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгені (қайта тіркелгені), филиалдың (өкiлдiктiң) есептiк тiркелгені (қайта тiркелгені) туралы анықтамалар нысанын әзірлеу;
37) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу), филиалды (өкілдіктерді) есептік тіркеу (қайта тіркеу), жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы өтініштер нысанын әзірлеу;
38) жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлiк қоғам, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi жарғысының (ережесiнiң) телнұсқасын беру туралы өтініш нысанын әзірлеу;
39) заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тiркеу, филиалдың (өкiлдiктiң) қызметiн тоқтату туралы өтiнiштер нысанын әзірлеу;
40) ішкі істер органымен бірлесіп сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану қағидаларын әзірлеу;
41) бизнес-сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу;
42) бизнес-сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруды және жүргізуді орталықтандырылған жүзеге асыру және тіркеуші органдар мен өзге де мемлекеттік мекемелерге олар жүгінген кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей ақпарат беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда бақылау және қадағалау функциялары берілген мемлекеттік органдарға олардың сұрау салуы бойынша ақпарат беру;
43) бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізу;
44) саяси партия құру жөніндегі азаматтардың бастамашыл тобының, саяси партия мүшелерінің тізімдерінің дұрыстығын тексеру қағидаларын әзірлеу;
45) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді заңға сәйкес жүзеге асыру;
46) азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша аумақтық әділет бөлімшелеріне әдістемелік көмек көрсету;
47) азаматтық хал актілерін тіркеуге бақылауды қамтамасыз ету;
48) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметін нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету;
49) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
50) Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның агенттікті аккредиттеу туралы шешімін келісу;
51) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, оларға өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу, азаматтық хал актілерін жою және қалпына келтіру тәртібін әзірлеу;
52) некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтініштер, некеге құқық қабілеттілігі туралы, қайтыс болу туралы анықтамалар нысандарын әзірлеу;
53) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалар негізінде берілетін куәліктердің нысандарын әзірлеу;
54) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы электрондық және қағаз жеткізгіштегі акт жазбаларының, куәліктер мен анықтамалардың нысандарын әзірлеу;
55) туу туралы куәлікті қорғауға қойылатын талаптарды әзірлеу;
56) әділет органдарынан, азаматтық хал актілерін тіркеуден және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою;
57) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындайтын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметтерін көрсетуге ақы төлеу мөлшерін келісу;
58) аумақтық әділет органдарының нотариустардың халыққа құқықтық қызмет көрсетуі саласында заңдылықты ұйымдастыру және қамтамасыз ету бойынша қызметіне басшылық жасауды, үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру;
59) мемлекеттiк нотариат кеңселерiнiң қызметiне басшылық жасау, жеке нотариаттың дамуына жәрдемдесу, жасалатын нотариаттық іс-әрекеттердiң заңдылығы мен мемлекеттiк және жекеше нотариустардың iс жүргiзу қағидаларын сақтауын бақылау;
60) өз құзыреті шегінде нотариат қызметін реттеуді жүзеге асыру;
61) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені пайдалану қағидаларын әзірлеу;
62) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің тізілімдерін жүргізу тәртібін әзірлеу;
63) бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе тізілімдерінің жұмыс істеуі туралы есептілікті ұсыну нысанын әзірлеу;
64) Қазақстан Республикасының архивтер және құжаттаманы басқарушы уәкiлеттi мемлекеттiк органымен келiсу арқылы Республикалық нотариаттық палатаның қатысуымен нотариаттық iс жүргiзу жөнiндегі қағидаларды әзірлеу;
65) нотариустардың нотариаттық іс-әрекеттердi жасау қағидаларын әзірлеу;
66) аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын лауазымды адамдарын аттестациялау туралы ережені әзірлеу;
67) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттiк тiзiлiмi туралы ереженi әзірлеу;
68) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссияларының дербес құрамын және олардың жұмыс регламентін әзірлеу;
69) тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды тестілеуден өткізу тәртібі мен шарттарын әзірлеу;
70) нотариустардың біліктілігін арттыру туралы ережені келісу;
71) нотариустардың тағылымдамадан өтушілері ретінде тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережені келісу;
72) нотариустың үй-жайына қойылатын талаптарды әзірлеу;
73) нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімдерінің (оның ішінде бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің электрондық тізілімінің), нотариаттық куәліктер мен қаулылардың, мәмілелердегі және куәландырылатын құжаттардағы куәландыру жазбаларының нысандарын әзірлеу;
74) нотариат мәселелері бойынша әдістемелік, нұсқаулық және түсіндіру материалдарын әзірлеу;
75) аумақтық әділет органының аумақтық нотариаттық палатамен бірлесе отырып берген ұсынымдарының негізінде әрбір нотариаттық округ бойынша нотариустардың ең аз санын бекіту;
76) нотариустың тағылымдамадан өтушілері ретінде тағылымдамадан өту үшін ақы төлеу қағидаларын әзірлеу;
77) нотариустардың қызметін лицензиялауды жүзеге асыру;
78) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияны тоқтата тұру, күшiн тоқтату және қайта бастау туралы шешiмдер қабылдау, сондай-ақ нотариустарды лицензияларынан айыру туралы талап қоюларына бастама жасау;
79) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы шешiмді лицензиардың интернет-ресурсында орналастыру;
80) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттік тізілімін жүргізу, сондай-ақ нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялар берілген адамдар туралы мәліметтерді интернет-ресурста орналастыру;
81) адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттік тізілімін жүргізу, тізілім мәліметтерін, сондай-ақ адвокаттық қызметпен айналысатын адвокаттардың тізімдерін және адвокаттардың лицензияларын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру және қолданысын тоқтату туралы мәліметтерді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз ету;
82) адвокаттардың қызметін лицензиялауды жүзеге асыру;
83) адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияны тоқтата тұру, күшiн тоқтату және қайта бастау туралы шешiмдер қабылдау, сондай-ақ адвокаттарды лицензияларынан айыру туралы талаптарға бастамашылық жасау;
84) адвокаттардың, нотариустардың, заң консультанттарының жеке және заңды тұлғаларға көрсететін заң көмегінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;
85) адвокат, заң консультанты көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық кеңес беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің қағидалары мен мөлшерлерін әзірлеу;
86) адвокат, заң консультанты көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу тәртібін әзірлеу;
87) заң көмегін көрсету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
88) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша адвокаттардың кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын әзірлеу;
89) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін тұлғалардың қызметін үйлестіру;
90) кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосқаны үшін мемлекеттің ынталандыру қағидаларын әзірлеу;
91) кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосқаны үшін наградалардың тізбесі мен сипаттамасын, награда парағының нысанын әзірлеу;
92) заң консультанттары палаталарының қызметін бақылауды жүзеге асыру;
93) заң консультанттары палатасының үлгілік жарғысын әзірлеу;
94) заң консультанттары палаталарының тізілімін жүргізу, сондай-ақ заң консультанттары палаталарының тізілімінен шығару туралы талаптарға бастамашылық жасау;
95) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша заң консультанттарының кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын әзірлеу;
96) мемлекет кепілдік берген заң көмегінің барлық түрлері бойынша бюджеттік бағдарламаларды әкімшілендіру;
97) заң көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету;
98) мемлекет кепілдік берген заң көмегі жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ету;
99) мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу құқығын растайтын құжаттардың тізбесін әзірлеу;
100) адвокат, заң консультанты көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу тәртібін әзірлеу;
101) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарын әзірлеу;
102) заң көмегін көрсету стандарттарын келісу;
103) заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарын келісу;
104) заң көмегін көрсету саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
105) мемлекет кепілдік берген көрсетілетін заң көмегінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;
106) Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасына, заң көмегін көрсету көлемінің толықтығы мен сапасына мониторинг жүргізу;
107) халыққа заң көмегін көрсететін адвокаттар, нотариустар, заң консультанттар, заң көмегін көрсету тетіктері, негіздемелері мен шарттары туралы құқықтық ақпарат беруді қамтамасыз ету;
108) Қазақстан Республикасының барлық аумағына таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жылына кемінде бір рет жариялануын және Министерліктің интернет-ресурсында мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетудің жүйесі және негізгі қорытындылары туралы ақпаратты орналастыруды қамтамасыз ету;
109) ақпараттық қауіпсіздікті сақтау;
110) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн сақтау;
111) заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3-тарау. Комитет төрағасының мәртебесі мен өкілеттіктері
16. Комитеттің басшылығын Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын Төраға жүзеге асырады.
17. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Төрағаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Комитет төрағасының өкілеттіктері:
1) Министрлік басшылығына Комитеттің құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар береді;
2) Министрліктің Апппарат басшысына лауазымдарға тағайындау және лауазымдардан босату туралы ұсыныстар енгізеді;
3) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды;
4) заңнамаға сәйкес еңбек қатынастары мәселелері оның құзыретіне жатқызылған Комитет қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
5) Комититеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
6) өз құзыреті шегінде Комитет қызметкерлерінің орындау үшін міндетті бұйрықтар жазады, нұсқаулар береді;
7) Министрліктің тиісті құрылымдық бөлімшесіне Комитет қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолдану мәселесін қарау туралы қызметтік жазба енгізеді;
8) Комитеттің атынан мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда өкілеттік етеді;
9) Комитеттің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
10) өз құзыретіне жатқызылған басқа мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
11) реттелетін салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
12) өз құзыреті шегінде Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдағаны үшін дербес жауапты болады;
13) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
20. Комитет төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4-тарау. Комитеттің мүлкі
21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Комитет өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.