Алматы облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерінің атауларын қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облыстық мәслихатының 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 15-77 бірлескен шешімі және Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 40 қаулысы

      "Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы 11 бабының 4) тармағына сәйкес Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Іле ауданының КазЦИК ауылдық округінің Комсомол ауылы Іле ауданының КазЦИК ауылдық округінің Жайнақ ауылы болып өзгертілсін.

      2. Іле ауданының КазЦИК ауылдық округінің және КазЦИК ауылының атауы Іле ауданының Асқар Тоқпанов ауылдық округі және Асқар Тоқпанов ауылы болып өзгертілсін.

      3. Кеген ауданының Жалаңаш ауылдық округінің және Жалаңаш ауылының атауы Кеген ауданының Жалағаш ауылдық округі және Жалағаш ауылы болып өзгертілсін.

      4. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі мен Алматы облысы әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін әкім орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі мен Алматы облысының әкімдігінің қаулысының алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облыстық мәслихат төрағасы Т. Байедилов
      Алматы облысының әкімі М. Сұлтанғазиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады