Алматы облысы бойынша жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Алматы облыстық мәслихатының 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 20-96 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-тармағының 2-8-тармақшасына және "Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 48 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18771 болып тіркелген) сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алматы облысы бойынша жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Алматы облыстық мәслихатының 2019 жылғы 28 тамыздағы № 52-269 "Алматы облысы бойынша жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4387 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы облыстық мәслихатының "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, құрылыс, архитектура және көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Қ. Байғоджаев

  Алматы облыстық мәслихатының 2024 жылғы "____" ___________ № ______ шешіміне қосымша

Алматы облысы бойынша жерлеу және қабірлерді күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Алматы облысы бойынша Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-16) тармақшасына сәйкес әзірленді және жерлеу мен зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың тәртібін айқындайды.

      Зират қорымдарын күтіп ұстауға және пайдалануға, қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйектерін жерлеуді және қайта жерлеуді ұйымдастыруға, сондай-ақ жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар "Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 19 тамыздағы № ҚР ДСМ-81 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24066 болып тіркелген) бекітілген санитариялық қағидаларында айқындалады.

      Зират қорымдарын жобалау қағидаттарын айқындау және оларды күтіп ұстауға, жерлеу ісін, жерлеу салт-жорасын (адамның сүйектерін немесе күлін жерлеу рәсімін) ұйымдастыру тәртібіне, сондай-ақ жерлеу орындарын күтіп ұстауға және Қазақстан Республикасындағы жерлеу ісі мәселелері жөніндегі мамандандырылған қызметтердің жұмысына ұсынымдар "Қазақстан Республикасының Зираттарды жобалау және күтіп ұстау" қағидалар жинағымен" (ҚР ҚЖ 3.02-141-2014) айқындалады.

      2. Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі (бұдан әрі – тіркеуші орган) – азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган;

      2) жерлеу – санитариялық, табиғатты қорғау, қала құрылысы және өзге де қағидалар мен нормаларға қайшы келмейтін, марқұмның тілегіне, діни сеніміне, әдет-ғұрпына және дәстүрлеріне сәйкес қайтыс болған адамның денесін (сүйегін) жерге (қабірге, лақатқа) жерлеу немесе күлі бар урнаны қабірге, сағанаға жерлеумен отқа жағу (кремациялау) жөніндегі салт-жора әрекеттері;

      3) зират (қабір) – қайтыс болған адамды немесе оның сүйегін жерлеу орны;

      4) зират қорымы – қайтыс болған адамдарды немесе олардың қалдықтарын жерлеу үшін арнайы бөлінген аумақ;

      5) зират қорымының әкімшілігі – зират қорымын ұстау және пайдалану жөніндегі ұйымдастырушылық-өкімдік және әкімшілік-шаруашылық функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.

2 тарау. Жерлеу үшін орын бөлу тәртібі

      3. Жергілікті атқарушы органдар зират қорымдары орналасқан және оларға арналған ортақ пайдаланудағы жерден елді мекеннің қайтыс болған әрбір тұрғынын немесе осы елді мекенде қайтыс болған тұрғылықты жері белгісіз адамды жерлеу үшін кемінде алты шаршы метр жер учаскесін тегін бөледі.

      Зират қорымының аумағы зираттарға арналған қатарларға бөлінетін учаскелерден тұрады және оған автомобиль көлігіне арналған жүру жолдары мен зират учаскелеріне өтетін жолдар салынады.

3-тарау. Зиратқа арналған жер учаскелерін есепке алу және тіркеу тәртібі

      4. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі;

      зиратқа арналған жер учаскелерін есепке алу деректерін (мәліметтерін) жинақтауды және тіркеуді ұйымдастырады;

      жерлеу, зират қорымдарын күтіп ұстау және оларға қызмет көрсету жөніндегі шарт талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      Жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында тоқсан сайынғы негізде бесінші күннен кешіктірмей және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 12 шілдедегі № 252/НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33106 болып тіркелген) жария кадастрлық картада зират қорымының бос емес және бос учаскелері бойынша өзекті ақпаратты орналастырады.

      Облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі зиратқа арналған жер учаскелерін есепке алуды және тіркеуді есепке алу журналдарының негізінде жүргізеді.

4-тарау. Қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйектерін жерлеу тәртібі

      5. Жерлеу зират қорымының әкімшілігіне қайтыс болуды тіркеуді жүзеге асыратын тіркеуші орган берген қайтыс болу туралы куәлікті және (немесе) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 тіркелген) бекітілген № 045/у нысаны бойынша қайтыс болу туралы медициналық куәлікті не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған қайтыс болу туралы хабарламаны ұсынғаннан кейін зират қорымының аумағында жүргізіледі.

      6. Жерлеу зират қорымы әкімшілігі жүргізетін есепке алу журналында тіркеледі.

      7. Есепке алу журналында мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) жерлеу жылы, айы, күні;

      2) зираттың (қабірдің) нөмірі;

      3) қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);

      4) туған және қайтыс болған күні;

      5) өлімнің себебі;

      6) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған куәлік немесе қайтыс болу туралы хабарлама нөмірі, күні және кім берген;

      7) марқұмның жақын туыстарының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні мен нөмірі, мекенжайы, туыстары болмаған жағдайда, жерлеуді жүргізген адамның мекенжайы не жерлеуді жүргізген ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, мекенжайы.

      8. Жақын туыстарының, сондай-ақ жұбайының (зайыбының) жазбаша өтініші бойынша жергілікті атқарушы органға, қаладағы аудан әкімінің аппаратына қайтыс болған адаммен жақын туыстығын растайтын құжаттарды ұсынған кезде қайтыс болған адамды немесе оның сүйегін бұрын қайтыс болған жақын туысының, сондай-ақ жұбайының (зайыбының) жанында жерлеу көрсетілген жерлеу орнында бос жер учаскесі немесе бұрын қайтыс болған жақын туысының зираты болған кезде қамтамасыз етіледі.

      9. Қайтыс болған адамдардың табылған мәйіттерін немесе олардың сүйектерін, суға кеткендерді, үйден тыс жерде кенеттен қайтыс болғандарды мәйітханада тіркелген сот-медициналық зерттеуден кейін жерлеу рәсімін ұйымдастыруды өзіне алуы мүмкін туыстары мен адамдар немесе мекемелер болмаған кезде қайтыс болу фактісі жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі.

      10. Туыссыз адамдарды жерлеу бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

      11. Мына жағдайлардан басқа жағдайда, жұмыс істеп тұрған және жабық зират қорымдарында сүйектерді қайта жерлеуге жол берілмейді:

      зират қорымын немесе оның учаскесін мерзімінен бұрын жою;

      Сүйектерді Қазақстан Республикасының басқа жерлеріне немесе одан тыс жерлерге қайта жерлеу үшін жекелеген зираттардан тасымалдау жағдайларын қоспағанда, жұмыс істеп тұрған және жабық зират қорымдарында сүйектерді қайта жерлеуге рұқсат етілмейді.

      Қайтыс болған адамдарда аса қауіпті инфекциялық ауру (күйдіргі, конго-қырым геморрагиялық қызбасы) болмаған жағдайда жерленген сәтінен бастап алғашқы екі апта ішінде кейіннен үш жылдан ерте емес, құмдауыт жерлерде бір жылдан ерте емес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның келісімі бойынша сүйектерді қайта жерлеуге жол беріледі.

5-тарау. Қабірлерді жобалау және салу

      12. Қабір учаскелері арасындағы қашықтық ұзын жақтары бойынша 1,5 метрден аспайды, ал қысқа жақтары – 1 метрден аспайды.

      13. Қабірдің тереңдігі топырақтың сипатына және топырақ асты суларының деңгейіне байланысты белгіленеді және жер бетінен табыттың қақпағына (бар болған жағдайда) дейін кемінде 1,5 метрді құрайды. Барлық жағдайларда қабірге арналған белгі жер асты суларының деңгейінен 0,5 метрге жоғары болады;

      14. Аса қауіпті инфекциялардан қайтыс болғандар үшін қабірдің тереңдігі 2 метр деңгейінде белгіленеді, бұл ретте түбіне кемінде 10 сантиметр қабатпен хлорлы әк салынады;

      15. Әрбір қабірдің жер бетінен 0,5 метрге биік үймесі (бұдан әрі – қабір үсті төмпешігі) болады. Қабір үсті төмпешігі қабірді атмосфера суларынан қорғау үшін оның шеттерін жауып тұруы тиіс.

      16. Қабір үстіндегі құрылыстарды (құлпытастарды), қоршауларды тек берілген жерлеу орындарының шекарасында орнатуға жол беріледі.

      17. Орнатылатын қабір үстіндегі құрылыстар (құлпытастар) мен қоршаулардың берілген жерлеу орнының шекарасынан шығатын немесе оның үстіне ілінетін бөліктері болмауы тиіс.

      18. Қабір үстіндегі құрылыстардағы (құлпытастардағы) жазбалар осы жерде шын мәнінде жерленген қайтыс болғандар туралы мәліметтерге сәйкес келуі тиіс.

6-тарау. Жерлеу орындарын абаттандыру және оларды күтіп ұстау

      19. Жерлеуге бөлінген учаскенің шекарасында:

      1) табиғи тастан немесе бетоннан жасалған қабір үстіндегі ескерткіштер мен құрылыстар, гүлзарлар мен орындықтар орнатуға;

      2) қабірге гүл отырғызу, сәндік бұтадан жасыл қоршау, содан кейін оны кесу.

      20. Қабірлерді одан әрі күтіп-ұстауды жақын туысы тиісті тәртіппен қамтамасыз етеді.

      21. Ескерткіштер мен құрылыстарды орналастыруға, үстелдерді, орындықтар мен құрылыстарды жерлеу учаскесінен тыс орналастыруға жол берілмейді.

      22. Зират аумағын (өтпелер, жолдар, гүлзарлар, көгалдар, кәріз, электр және су құбыры желілері мен құрылыстары) әкімдік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті тәртіппен ұстайды.

7-тарау. Зираттарды күтіп-ұстауға және оларға қызмет көрсетуге шарт жасасу және оның талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі

      23. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы мен зират қорымының әкімшілігі арасында жерлеуге, зират қорымдарын күтіп ұстауға және оларға қызмет көрсетуге шарт жасасу жүргізілетін конкурс қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес белгілінген мерзімде жүзеге асырылады.

      24. Зират әкімшілігі қамтамасыз етеді:

      1) азаматтарға салттық қызметтер көрсету тәртібі туралы, оның ішінде зират аумағындағы стендтерге ақпаратты орналастыра отырып, толық ақпарат беру және зират аумағында салттық қызметтер көрсету тәртібін айқындау;

      2) жерленгенге дейін 1 тәуліктен кешіктірмей қайтыс болғандарды немесе олардың қалдықтарын жерлеу үшін қабірлерді дайындау;

      3) жерлеу үшін әрбір жер учаскесін бөлудің белгіленген нормасын және қабірлерді дайындау қағидаларын сақтау;

      4) ғимараттарды, инженерлік жабдықтарды, зират аумағын, қоршауды, жарықтандыруды ақаусыз күйде ұстау;

      5) жалпы пайдаланымдағы жолдар мен шаруашылық мақсаттағы учаскелерді жүйелі тазалауды, сумен жабдықтау желілеріне қызмет көрсетуді, зираттың бүкіл аумағында жасыл желектерге күтім жасауды, жолдарды ағымдағы жөндеуді және қоқысты уақтылы шығаруды қоса алғанда, зираттарды күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды бақылау;

      6) азаматтарға жерлеу орнына күтім жасау үшін құралдарды уақытша пайдалануға беру;

      7) салттық қызметтердің барлық субъектілеріне тең қолжетімділікті ұсыну.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады