Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы

Жаңа

Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 209 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" №306 бұйрығына сәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарасай ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж. Естенов

  Қарасай ауданы әкімдігінің 2024 жылғы " 30 " сәуір "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" №_209_ қаулысына қосымша

      Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Жазира көшесі, 5/6 үй және 5/1 үй мекен жайында орналасқан мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлерді пайдаланғаны үшін тұрғын үйлердегі пәтерлердің бір шаршы метр үшін айына төлемақы мөлшері

      Кондоминиум объектісінің құрамына кіретін мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақының мөлшерін есептеу кезінде мынадай көрсеткіштер қолданылады: А – кондоминиум объектісінің құрамына кіретін мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері (айына 1 шаршы метр үшін, теңге);

      Ц – тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (теңге);

      Т – ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі, жыл. Тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (Ц) ғимараттың құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес немесе ғимаратты мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша анықталады.

      Ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі (Т) "Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды қайта жаңарту, күрделі және ағымдық жөндеу" ҚР 1.04-26-2022 ҚН құрылыс нормаларына сәйкес анықталады. Кондоминиум объектісінің құрамына кіретін мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақының мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

      А= Ц/Т/12.

      Ц = 662 655 000,0 теңге / 1893,3 ш.м. (техникалық төлқұжаттың деректеріне сәйкес үйдің жалпы алаңы) = 350 000,0 теңге тұрғын үйдің жалпы аланың бір шаршы метірін салудың құны.

      Т = 140 жыл.

      А = 350 000,0 / 140 / 12 = 208,33 теңге айына бір шаршы метр үшін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады