"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 489 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2024 жылғы 12 қаңтардағы № 10 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 489 бұйрығына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережеде:

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 32-1), 32-2) және 32-3) тармақшаларымен толықтырылсын:

      "32-1) республикалық меншікке айналдырылған (түскен), тәркіленген мүлікті, сондай-ақ "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет кірісіне айналдырылған мүлікті (активтерді) есепке алу және одан әрі пайдалану бойынша дерекқорды жүргізу;

      32-2) "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес басқарушы компанияның мүлікті (активтерді) басқару тиімділігін бақылауды жүзеге асыру;

      32-3 басқарушы компанияға берілген активтерді басқару тәртібін айқындау;"

      70) тармақшасы алып тасталсын;

      75) тармақшасы алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады