"Qaztrack" ақпараттық сервисін пайдалана отырып, алкоголь өнімін (құйылған шарапты (шарап материалын) және сыра қайнату өнімін қоспағанда) таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаны жүзеге асыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 13 мамырдағы № 288 бұйрығы

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "QazTrack" ақпараттық сервисін пайдалана отырып, қоса беріліп отырған алкоголь өнімін (құйылған шарапты (шарап материалын) және сыра қайнату өнімін қоспағанда) таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаны жүзеге асыру Қағидалары мен мерзімі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының көмегімен (келісім бойынша) 2024 жылғы 10 мамырдан бастап 2025 жылғы 30 сәуірді қоса алғанда аралығындағы кезеңде пилоттық жобаны жүргізуді қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілсін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға тиіс.

      Министр М. Такиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады