БҰЙЫРАМЫН:
1. "Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 215 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5702 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесінің сыныптауышында:
"Мемлекеттік кітапханалар көрсететін қызметтер" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"
Мемлекеттік кітапханалар көрсететін қызметтер | |||||||||
РБ |
08 |
1 |
651 |
033 |
103 | 021 | Тасығыштардың, форматтардың, стандарттардың барлық түрлерінің, көшірмелерін дайындау және оларды өңдеу жөніндегі қызметтер |
1) материалдық-техникалық базаны нығайтуға; | "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы, "Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 21 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10331 тіркелді). |
РБ |
08 |
1 |
651 |
033 |
103 | 022 | Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін материалдар дайындау жөніндегі қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ |
08 |
1 |
651 |
033 |
103 | 023 | Құжаттарды талдамалы-синтетикалық өңдеуді орындау және қосымша библиография жасау жөніндегі қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ |
08 |
1 |
651 |
033 |
103 | 024 | Қолжазбаларды, құнды кітаптарды және құжаттарды қалпына келтіру жөніндегі қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ |
08 |
1 |
651 |
033 |
103 | 025 | Көшпелі ақпараттық-көрме іс-шараларын ұйымдастыру жөніндегі қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ |
08 |
1 |
651 |
033 |
103 | 026 | Білім беру және аударма қызметтері | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ |
08 |
1 |
651 |
033 |
103 | 027 | Қолжазбаларға және құнды кітаптарға сараптама жасау жөніндегі қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ |
08 |
1 |
651 |
033 |
103 | 028 | Байланыс операторымен жасасқан шарттың негізінде интернет желісі қызметтерін ұсыну жөніндегі қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ |
08 |
1 |
651 |
033 |
103 | 029 | Құжаттарды электронды жеткізу бойынша қызметтер, іздеу және тақырыптық ақпаратты жасау | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ |
08 |
1 |
651 |
033 |
103 | 030 | Экскурсиялық қызмет көрсетуді, фото және бейне түсірілімдерді жүргізу жөніндегі қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ |
08 |
1 |
651 |
033 |
103 | 031 | Кітапхана шығарған оқу-әдістемелік әдебиетті және басқа да оқу құралдарын өткізу жөніндегі қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |
".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрі |
М. Такиев |