"Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 1665 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 6 мамырдағы № 2200 қаулысы

      Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 1665 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Шектеу іс-шаралары:

      1) Шымкент қаласы Тұран ауданы А. Байтұрсынов көшесі № 85Б үй аумағына мысықтан құтыру ауруы анықталуына байланысты;

      2) Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы М. Мәметова көшесі бойына аламаннан құтыру ауруы анықталуына байланысты;

      3) Шымкент қаласы Тұран ауданы М. Серсенбаев көшесі бойына иттен құтыру ауруы анықталуына байланысты белгіленсін.".

      2. Осы қаулының орындалуы Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Т. Мекамбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады