Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының филиалына - Жобаларды басқару дирекциясына төменде көрсетілген:
1) Шымкент қаласы, Абай ауданында орналасқан талшықты-оптикалық желілерді тарту үшін алаңы 0,0835 га;
2) Шымкент қаласы, Қаратау ауданында орналасқан талшықты-оптикалық желілерді тарту үшін алаңы 0,0728 га;
3) Шымкент қаласы, Абай ауданында орналасқан талшықты-оптикалық желілерді тарту үшін алаңы 0,0302 га;
4) Шымкент қаласы, Абай ауданында орналасқан талшықты-оптикалық желілерді тарту үшін алаңы 0,0233 га;
5) Шымкент қаласы, Абай ауданында орналасқан талшықты-оптикалық желілерді тарту үшін алаңы 0,0590 га жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2034 жылдың 31 наурызына дейін қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ. Асыловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | Ғ. Сыздықбеков |