"Түркістан БГҚ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қоғамдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 15 шілдедегі № 3685 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, заңды тұлғаның өтініші негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Түркістан БГҚ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, Шымкент қаласы, Қаратау ауданында орналасқан булы газ қондырғысына қажетті 220 кВ электр желісін орнату мен пайдалану үшін жалпы алаңы 20,0859 га жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2029 жылдың 05 шілдесіне дейін қоғамдық сервитут белгіленсін.

      2. "Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А. Кәрімовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы әкімі Ғ. Сыздықбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады