"Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды нысанды киіммен (погонсыз), сондай-ақ материалдық құралдармен, фото- және бейнетіркеуге арналған техникалық құралдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 15-2/509 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 7 маусымдағы № 195 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды нысанды киіммен (погонсыз), сондай-ақ материалдық құралдармен, фото- және бейнетіркеуге арналған техникалық құралдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 15-2/509 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11638 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды нысанды киіммен (погонсыз), сондай-ақ материалдық құралдармен, фото- және бейнетіркеуге арналған техникалық құралдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларында:

      3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3-тарау. Фото- және бейнетіркеуге арналған материалдық құралдар, техникалық құралдар

52

Бейнетіркеуіш

дана

1

7 жыл

Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізу кезінде

Өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті орган ведомствосының облыстық, қалалық, аудандық аумақтық инспекциялары және фитосанитариялық бақылау бекеттері

Портативтік бейнетіркеуіш – сырғанамайтын жабыны бар соққыға төзімді корпус; кең бұрышты объектив; инфрақызыл LED жарықтандырғыш, лазерлі нысана көрсеткіш, IR-түнгі көру.

53

Планшеттік компьютер

дана

1

3 жыл

Андроид 7.1-ден ескі емес нұсқа, процессоры кемінде 8 ядро, жедел жадысы кемінде 3 гигабайт, сыйымдылығы сағатына 4 450 миллиамперден кем емес алмалы-салмалы аккумулятор, жиынтықта стилусы бар.

54

Деректерді орталықтандырылған сақтауға арналған серверлер

дана

1

3 жыл

DS-MH2111, DS-H2211 қосылатын портативті камералар. Материалы: металл.

55

Бейнекамера (бейнебақылау жүйесі үшін)

дана

1

3 жыл

Камера: 1/3 CMOS матрицасы, көру бұрышы кемінде 110 градус. Бейне параметрлері: Бейне кірісі кемінде 1080 пиксель. Жады сақтау кіріктірілген чип, кем дегенде 32 гегабайт. Wi-Fi-ға қосылатын кірістірілген GPS модулі. Батареясы алмалы-салмалы, 1650 милиампер-сағат ажыратымдылығы 1080 пиксельмен (4 сағат жазады).

56

Пилотсыз ұшу аппараты (дрон)

дана

1

3 жыл

Кіріктірілген жадысы кемінде 1 терабайт болатын ұшқышсыз ұшу аппараты. Сигналдың әрекет ету радиусы кемінде 15 км. Аккумулятордан жұмыс істеу уақыты кем дегенде 40 минут. Жиіліктің оптикалық ұлғаюы кемінде – 7х. Бейнетүсірілімнің максималды ажыратымдылығы кемінде 4К (3840*2160), жел жылдамдығының максималды кедергісі кемінде – 12 м/с. Максималды ұшу қашықтығы кемінде 30 км. Жиынтықта: кемінде 3 дана, 5 000 мАч кем емес алынбалы аккумуляторлық батарея, аккумуляторлық батареяларды зарядтауға арналған концентратор (зарядтағыш).

  ".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
А. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады