"Арнайы комиссия туралы ереженi бекiту туралы" Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 30 қазандағы № 188 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Абай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі № 67 қаулысы.

      Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Арнайы комиссия туралы ереженi бекiту туралы" Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 30 қазандағы № 188 қаулысына келесі өзерістер енгізілсін:

      осы қаулының кіріспе бөлімі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына және "Арнайы комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 17 тамыздағы № 344 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33314 болып тіркелген),";

      Арнайы комиссия туралы ереженің мемлекеттік тілдегі қосымшасында:

      "өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты" сөздері жойылсын.

      2. "Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны мемлекеттік және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;  

      2) осы қаулыны Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.      

      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысының әкімі Н. Ұранхаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады