"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына және "Арнайы комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 17 тамыздағы № 344 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33314 болып тіркелген),
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Абай облысы әкімдігінің 02.04.2024 № 67 қаулысымен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Арнайы комиссия туралы ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыны Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. "Арнайы комиссия туралы ережені бекіту туралы" Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 10 наурыздағы № 49 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 178946 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай облысының әкімі | Н. Ұранхаев |
Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы "30" қазандағы № 188 қаулысына қосымша |
Арнайы комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Арнайы комиссия туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссияның мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды.
2. Осы Ережеде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
1) арнайы комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасылардың) өтінішін қарау бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
2) уәкiлеттi орган – әлеуметтiк көмек көрсетудi жүзеге асыратын жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы.
3. Комиссия аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағында тұрақты жұмыс iстейтiн алқалы орган болып табылады. Комиссия өз жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әдiлдiк қағидаттарында ұйымдастырады.
4. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
5. Комиссияның қызметiн бақылауды аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң әлеуметтiк қорғау мәселелерiне жетекшiлiк ететiн орынбасары жүзеге асырады.
2. Комиссиялардың міндеттері мен функциялары
6. Комиссияның негізгі міндеті "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-3-тармағының негізінде жергілікті өкілді органдар бекітетін азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесіне сәйкес азаматтардың әлеуметтік көмекке мұқтаждығын және әлеуметтік төлемдердің мөлшерін айқындау болып табылады.
7. Комиссияның негізгі функциясы әрбір жекелеген жағдайда әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсете отырып, Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығару болып табылады.
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
8. Комиссия өз қызметiн өтеусiз негiзде жүзеге асырады.
9. Комиссияның құрамына жергiлiктi атқарушы органдардың мүдделi құрылымдық бөлiмшелерiнiң, оның iшiнде ұйымдардың және бiлiм беру, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қорғау уәкiлеттi органдарының өкiлдерi, құқық қорғау органдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң қызметкерлерi кiредi. Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерiнен тұрады. Комиссияның жалпы құрамы жетi адамнан кем болмауға тиiс.
10. Аудан (облыстық маңызы бар қалалар) әкiмiнiң әлеуметтiк қорғау мәселелерi жөнiндегi орынбасары Төраға болып табылады. Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және Комиссияға осы ережеде жүктелген мiндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етедi.
11. Уәкiлеттi орган – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi Комиссияның жұмыс органы болып табылады. Комиссия хатшысының мiндетi осы бөлiмнiң маманына жүктеледi.
12. Комиссия уәкiлеттi органнан құжаттардың толық пакетiн алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттарды қарайды және ашық дауыс беру арқылы әлеуметтiк көмек көрсетудiң қажеттiгi туралы шешiм шығарады.
13. Комиссияның шешiмдерi оның құрамы жалпы санының үштен екiсi болған кезде заңды болады.
14. Комиссияның шешiмi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және комиссия мүшелерiнiң жалпы санының басым көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданды деп есептеледi. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешушi болып саналады.
15. Комиссия қабылдаған шешiм осы Ереженiң 12-тармағында көрсетiлген қорытынды нысанында және мерзiмде ресiмделедi, уәкiлеттi органға берiледi. Оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерi көрсетiледi.
16. Комиссия әлеуметтік көмек мөлшерін айқындау кезінде жергілікті өкілді органдар "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына сәйкес бекітетін әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын басшылыққа алады.
Арнайы комиссия туралы ережеге қосымша |
Арнайы комиссияның қорытындысы
Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді – Абай облысы әкімдігінің 02.04.2024 № 67 қаулысымен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
20___ж. "___" ___________ №
Арнайы комиссия әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, адамға (отбасыға) мұқтаж болуына байланысты төмендегідей себептер бойынша:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(қажеттілігі, қажеттілік жоқтығы)
әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады.
Әлеуметтік көмек мөлшері _______________________________________ теңге.
(сомасы жазбаша)
Комиссия төрағасы: __________________________ ________________________
Комиссия мүшелері: __________________________ ________________________
__________________________ ________________________
__________________________ ________________________
__________________________ ________________________
__________________________ ________________________
(қолдары) (Т.А.Ә. (бар болса)
Қорытынды қоса берілген құжаттармен ___ данада
20__ж. "____" __________ қабылданды
____________________________________________________________________________
Құжаттарды қабылдаған уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы, қолы