2024 жылға ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы

Жаңа

Абай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 11 сәуірдегі № 73 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 12-7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығымен бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 14 қаңтарда № 10087 болып тіркелген) 11-тармағына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2024 жылға ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған субсидиялар нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысының әкімі Н. Ұранхаев

  Абай облысы әкімдігінің
2024 жылғы "11" сәуірдегі
№ 73 қаулысына
қосымша

2024 жылға ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған субсидиялар нормативі

р/с №

Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы

Тереңдете өңделетін өнімдердің атауы

Сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімінің бірлігіне субсидиялар нормативі, теңге/л және теңге/кг

1.

Сүт

Сары май

91,0

2.

Сүт

Қатты ірімшік

12,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады