Курчатов қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 17/107-VIII шешімі.

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365 – бабы 3 – тармағы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 6 – бабы 1 – тармағы 15) тармақшасына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Курчатов қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Курчатов қалалық мәслихатының төрайымы Г. Хусайнова

  Курчатов қалалық
мәслихатының
2024 жылғы 30 сәуірдегі
№ 17/107-VIII шешіміне
қосымша

Курчатов қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есеп айырысу бірлігі

Тариф теңгемен
 

Бір тұрғынға арналған айлық тариф

1 адамға/айына

331 теңге

ҚТҚ бірлігі үшін жылдық тариф

1 м3

1657 теңге


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады