Ақсуат ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Күшін жойған

Абай облысы Ақсуат ауданы әкімінің 2024 жылғы 28 наурыздағы № 1 шешімі. Күші жойылды - Абай облысы Ақсуат ауданы әкімінің 2024 жылғы 3 сәуірдегі № 2 шешімі.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Ақсуат ауданы әкімінің 03.04.2024 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37- бабына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48- бабына және 50- бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сынаптамасын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32469 болып тіркелген) 2023 жылғы 10 мамырдағы №240 бұйрығына сәйкес, Ақсуат ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. Абай облысы Ақсуат ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Ақсуат ауданы әкімінің орынбасары Мауадинов Кайрат Муратказинович табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын іс- шараларды жүргізуді тапсырсын.

      3. "Ақсуат ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз ету:

      1) Осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Әділет министрлігінің Абай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның республикалық филиалына жіберу;

      2) Осы шешімді Ақсуат ауданы әкімдігінің Интернет - ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Смаилов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады