Ақсуат ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Абай облысы Ақсуат ауданы мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 24/7-VIII шешімі

      Қазақстан Республикасы Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министірінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Ақсуат аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Ақсуат ауданыны бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтары жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері бекітілсін.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақсуат аудандық мәслихатының төрағасы Ж. Оразғалиев

  Ақсуат аудандақ мәслихатының
2024 жылғы " 25 "
желтоқсандағы
№ 24/7-VIII шешіміне
қосымша

Ақсуат ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Теңге
қосылған құн салығынсыз

Теңге
қосылған құн салығымен

Жайлы үйлер

бір тұрғын айына

379,50

425,04

Жайлы емес үйлер

395,6

443,07

Жеке және заңды тұлғалар үшін бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф

1 м3

2 760,00

3 091,2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады