Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Жаңа

Абай облысы Аягөз ауданы Айғыз ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 9 сәуірдегі № 1 шешімі.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес және Аягөз аудандық аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық инспектордың 2024 жылғы 08 сәуірдегі № 01-12/152 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Абай облысы Аягөз ауданының Айғыз ауылдық округінің Айғыз ауылының және М.Нұрғалиевтің "Айдын" шаруа қожалығының мүйізді ірі қара малдардың арасында бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары енгізілсін.

      2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Айғыз ауылдық округінің әкімі М. Сыдыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады