Аягөз ауданы әкімінің 2024 жылғы 28 наурыздағы № 2 "Аягөз ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Абай облысы Аягөз ауданы әкімінің 2024 жылғы 17 сәуірдегі № 3 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес ШЕШТІМ:

      1. Аягөз ауданы әкімінің 2024 жылғы 28 наурыздағы № 2 "Аягөз ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы" (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2024 жылғы 28 наурызда № 194850 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аягөз ауданының әкімі Қ. Әділбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады