Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Аягөз ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аягөз аудандық мәслихат төрағасы | А.Ибрайшин |
Аягөз аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 қазандағы №17/302-VIII шешіміне қосымша |
Аягөз ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы | Есептік бірлік | Теңге (қосылған құн салықсыз) |
Жайлы үйлер | айына 1 тұрғыннан | 420,04 |
Жайлы емес үйлер | айына1 тұрғыннан | 469,00 |
Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф | 1 м3 | 3092,30 |