Жарма ауданы Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Әди ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Жаңа

Абай облысы Жарма ауданы Қаратөбе ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 12 қарашадағы № 7 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жарма аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекеме басшысының 2024 жылғы 11 қарашадағы № 700 ұсыныс хаты негізінде Қаратөбе ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Абай облысы, Жарма ауданы, Әди ауылына ірі қара малдардың бруцеллез ауруына оң нәтиже болғандықтан шектеу шараларын белгілеу.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі М. Туякбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады