Өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде жан-жақты қолдаумен қамту жөніндегі жұмысты үйлестіру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 192 бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 18-бабының 34-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде жан-жақты қолдаумен қамту жөніндегі жұмысты үйлестіру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Арнаулы әлеуметтік қызметтер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Жақыпова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және ақпарат министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Туризм және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, ииновациялар жән

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2024 жылғы 14 маусымдағы
№ 192 бұйрығымен
бекітілген

Өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде жан-жақты қолдаумен қамту жөніндегі жұмысты үйлестіру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде жан-жақты қолдаумен қамту жөніндегі жұмысты үйлестіру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 18-бабының 34-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және профилактикаға, ерте анықтауға және адамдардың (отбасылардың) өмірде қиын жағдайды еңсеруіне бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру тәртібін айқындайды.

      2. Қағидалар өмірде қиын жағдайға тап болған адамдар (отбасылар) (бұдан әрі – адамдар (отбасылар) анықталған кезден бастап білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау, спорт, мәдениет, туризм, қоғамдық даму және отбасы саясаты, тұрғын үй қатынастары, жастар саясаты, ішкі саясат, ішкі істер саласындағы мемлекеттік органдарды ведомствоаралық үйлестіруге және құзыреті шегінде жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған.

      3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) Қазақстан Республикасының отбасы саясаты саласындағы уәкілетті органы (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік отбасы саясатын қалыптастыру бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) Отбасын қолдау орталығы (бұдан әрі – Орталық) – жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша аудандар мен қалалардағы аудандарда халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың жанынан құрылған ұйымдар;

      3) отбасының цифрлық картасы (бұдан әрі – ОЦК) – әртүрлі мемлекеттік органдардың мәліметтерін жинақтайтын, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқат деңгейін айқындауға және оларға проактивті форматта (алушыдан өтінішті күтпей) кепілдік берілген мемлекеттік қолдауды көрсетуге мүмкіндік беретін "электрондық үкімет" платформасындағы ақпараттық жүйе;

      4) өмірдегі қиын жағдай (бұдан әрі – ӨҚЖ) – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде көзделген негіздер бойынша адамның тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын деп танылған, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын жағдай;

      5) ӨҚЖ-ға тап болған адамдарға (отбасыларға) мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде жан-жақты қолдау көрсетудің интеграцияланған моделі (бұдан әрі – интеграцияланған модель) – ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту мақсатында уәкілетті мемлекеттік органның үйлестіруімен мемлекеттік органдардың қатысуын көздейтін ұйымдастырушылық және функционалдық тәсіл.

      4. Кешенді қызметтер көрсету кезіндегі ведомствоаралық өзара іс-қимыл мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:

      1) кепілдік берілген құқықтардың болуы, мемлекеттік қолдау шаралары және оларды алу тәсілдері туралы анық, уақтылы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету;

      2) адамдардың (отбасылардың) ӨҚЖ-дан шығуын кейіннен тиімді мониторингтеу үшін құжат айналымын оңтайландыруды және стандарттауды қамтамасыз ету;

      3) қызметтер көрсетудің сапасы мен келісімділігін қамтамасыз ету;

      4) құзыреті шегінде барлық деңгейде және барлық қатысушы мемлекеттік органдар мен ұйымдарда жеке жұмыс жоспарын (бұдан әрі – ЖЖЖ) орындау есептілігін жүргізуді қамтамасыз ету;

      5) "Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік саланың басқа да кәсіптері" кәсіптік стандарттарында көзделген және қызметтерді алушының тұрақтылығын қалыптастыруға ықпал ететін әлеуметтік жұмыс технологияларын пайдалану;

      6) ӨҚЖ-ға тап болған адамдарды (отбасыларды) ӨҚЖ-дан шығу үшін ЖЖЖ-да көзделген іс-шараларға белсенді тарту.

      5. Білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау, спорт, мәдениет, туризм, қоғамдық даму және отбасы саясаты, тұрғын үй қатынастары, жастар саясаты, ішкі саясат, ішкі істер саласындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдар ӨҚЖ-ға тап болған адамдарды (отбасыларды) жан-жақты қолдаумен қамту жөніндегі ведомствоаралық өзара іс-қимылға қатысушылар болып табылады.

      Мемлекеттік органдарды жан-жақты қолдау адамдарды (отбасыларды) ӨҚЖ-дан шығару үшін құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдар жүргізетін іс-шаралар кешенін қамтиды.

      6. Орталық мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде жан-жақты қолдаумен ӨҚЖ-ға тап болған адамдарды (отбасыларды) қамту жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асырады.

      7. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ведомствоаралық өзара іс-қимыл арқылы кешенді сүйемелдеу қызметтерін тиімді көрсету үшін мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) Орталық қабылданған ЖЖЖ заңнамада белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз ету;

      2) адамдарды (отбасыларды) ӨҚЖ-дан шығу үшін ЖЖЖ-да көзделген іс-шараларды мерзімдерде және көлемде іске асыруға және олардың өз әлеуетін дамытуға тарту. Адамдар (отбасылар) балалы болған кезде, баланың қажеттіліктері мен мүдделерін ескеру басымды болып табылады;

      3) ЖЖЖ іске асырылуын қамтамасыз ету кезінде ақпараттың құпиялылығын сақтау;

      4) мемлекеттік қолдау шараларын көрсету кезеңдерін сақтаудағы жүйелілік пен сабақтастық;

      5) ведомствоаралық үйлестірудің сапасы мен тиімділігінің тұрақты мониторингі.

2-тарау. Мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) қамту жөніндегі жұмысты үйлестіру тәртібі

      8. Адамдарды (отбасыларды) ӨҚЖ-дан шығару үшін "Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 14 маусымдағы № 256-НҚ бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34499 болып тіркелген) бекітілген отбасын қолдау орталығының қызметін жүзеге асыру қағидаларына сәйкес Орталық ЖЖЖ әзірлейді және бекітеді.

      9. Екі жұмыс күні ішінде Орталық өз құзыреті шегінде ЖЖЖ іс-шараларын іске асыруға тартылған мемлекеттік органдарға ЖЖЖ-ні жібереді.

      10. Мемлекеттік органдар құзыреті шегінде және (немесе) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамада айқындалған мерзімдерде ӨҚЖ-дағы адамдарға (отбасыларға) мемлекеттік қолдау көрсетеді.

      11. Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар ЖЖЖ-да көрсетілген мерзімдерге сәйкес ЖЖЖ-ны орындау туралы ақпаратты Орталыққа ұсынады.

      Мемлекеттік орган мен ұйымнан ақпарат алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Орталық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамада айқындалған ЖЖЖ іс-шараларының іске асырылуын қадағалайды және олардың орындалу мәртебесі туралы белгі қояды.

      Орталық Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасы талаптарының орындалмағаны анықталған кезде ЖЖЖ-ны пысықтауға мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға қайтарады.

      12. ЖЖЖ іс-шараларын толық көлемде орындаған кезде, бір жұмыс күні ішінде Орталық ЖЖЖ-ға аяқталу күнін көрсете отырып, олардың аяқталғаны туралы белгі қояды.

3-тарау. Ведомствоаралық жұмысты мониторингтеу және талдау

      13. Ведомствоаралық жұмыстың тиімділігін бағалау үшін Орталық ОЦК деректері бойынша адамдардың (отбасылардың) әлеуметтік мәртебесінің өзгеруін ескере отырып, тоқсан сайынғы негізде бірлескен жұмыстың мониторингін жүргізеді.

      14. Жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша Орталық мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ведомствоаралық жұмысының тиімділігі туралы қорытынды жасайды.

      Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін қорытындыда уәкілетті органға жіберілетін кемшіліктер (бар болса) және оларды жою жөніндегі ұсыныстар көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады