Ұлытау облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2024 жылдың төртінші тоқсанына арналған шекті мәндерін бекіту туралы

Жаңа

Ұлытау облысының әкімдігінің 2024 жылғы 5 қарашадағы № 77/01 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Сауда қызметін реттеу туралы" заңдарына, "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11245 тіркелген) сәйкес Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ұлытау облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2024 жылдың төртінші тоқсанына арналған шекті мәндері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұлытау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Д. Рыспеков

  Ұлытау облысы әкімдігінің
2024 жылғы "5" қараша
№ 77/01
қаулысына қосымша

Ұлытау облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2024 жылдың төртінші тоқсанына арналған шекті мәндері

Тауарлар атауы

Төртінші тоқсан (теңге)

1

Бірінші сортты бидай ұны, килограмм

291

2

Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді), килограмм

244

3

Рожки (өлшеніп салынатын), килограмм

442

4

Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын), килограмм

343

5

Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын), килограмм

613

6

Картоп, килограмм

256

7

Асханалық сәбіз, килограмм

301

8

Басты пияз, килограмм

203

9

Ақ қауданды қырыққабат, килограмм

214

10

Ақ қант - құмшекер, килограмм

525

11

Күнбағыс майы, литр

798

12

Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі), килограмм

2995

13

Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік), килограмм

1616

14

Пастерленген сүт, майлылығы 2,5 %, жұмсақ қаптамада, литр

556

15

Айран, майлылығы 2,5 %, жұмсақ қаптамада, литр

500

16

Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5 % толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ), килограмм

4605

17

Тауық жұмыртқасы (I санатты), 10 дана

597

18

Ас тұзы ("Экстра" - дан басқа), килограмм

118

19

Сүзбе: майлылығы 5-9 %, килограмм

2660


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады