"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Ұлытау облысының әкімдігінің 2024 жылдың 16 ақпандағы № 11/01 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ұлытау облысының әкімдігінің 2024 жылғы 13 қарашадағы № 79/01 қаулысы

      Ұлытау облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Ұлытау облысының әкімдігінің 2024 жылдың 16 ақпандағы №11/01 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулыдағы 1 және 2 қосымша осы қаулының 1 және 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қарашадан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Ұлытау облысының әкімі Д. Рыспеков

  Ұлытау облысы әкімдінің
2024 жылғы "13" қарашадағы
№ 79/01 қаулысына қосымша 1
  Ұлытау облысы әкімдінің
2024 жылғы "16" ақпандағы
№ 11/01 қаулысына қосымша 1

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік тапсырыс мөлшері

Елді мекен

Тәрбиеленушілер саны

Мектепке дейінгі білім беретін ұйымдардың түрлері

Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

10,5 сағаттық режимі бар топтар, оның ішінде шағын орталықтар

9 сағаттық режимі бар топтар, оның ішінде шағын орталықтар

Жарты күн болатын топтар, жалпы білім беретін мектептің жанындағы мектепалды даярлық сыныптары

Түзету үлгісіндегі 10,5 сағаттық топтар

Ауыл

1 475

60 747

55 728

26 792

111 104

Қала

6 609

54 506

50 181

24 018

98 103

Экологиялық апат аймағындағы өңірлер үшін

Ауыл

155

72 740

66 389

31 636

136 091

  Ұлытау облысы әкімдінің
2024 жылғы "13" қарашадағы
№ 79/01 қаулысына қосымша 2
  Ұлытау облысы әкімдінің
2024 жылғы "16" ақпандағы
№ 11/01 қаулысына қосымша 2

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі білім беру ұйымының түрі

Тәрбиеленушілер саны

Айына бір балаға (1-3 жас) тамақтану үшін ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге)

Айына бір балаға (3-5 жас) тамақтану үшін ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге)

Жезқазған қаласы

1

Балабақша (мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар)

2 790

17 000

19 000

2

Балабақша (жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар)

220

17 000

19 000

Сәтбаев қаласы

1

Балабақша (мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар)

2 864

17 000

19 000

2

Балабақша (жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар)

0

0

0

Қаражал қаласы

1

Балабақша (мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар)

520

11 000

12 000

2

Балабақша (жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар)

215

11 000

12 000

Жаңаарқа ауданы

1

Балабақша (мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар)

680

15 000

17 000

2

Балабақша (жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар)

290

15 000

17 000

Ұлытау ауданы

1

Балабақша (мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар)

440

12 000

13 000

2

Балабақша (жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар)

65

12 000

13 000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады