Қазақстан Республикасының Жер кодексінің, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін–өзі басқару туралы" Заңына жер учаскелерін беруге және алып қоюға байланысты мәселелерді қарау жөніндегі облыстық жер комиссиясының 2024 жылғы 7 қарашадағы № 2 хаттамалық қорытындысына сәйкес Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Сарыарқа-ENERGY" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшарт негізінде жалпы ауданы 60,4 га Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Ералиев ауылдық округі мекенжайы бойынша орналасқан (Жалын кен орнында көмір өндіру) 2033 жылдың 9 желтоқсанына дейінгі мерзімге жер учаскесіне жеке немесе уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру құқығынсыз жария сервитут белгіленсін.
2. "Сарыарқа-ENERGY" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, қатты пайдалы қазбаларды барлау жұмыстары жүргізілетін жер учаскелерінің жеке меншік иесіне немесе жер пайдаланушыларға келтірілген барлық шығынды өтеу міндеттелсін.
3. Жер пайдаланушы – "Сарыарқа-ENERGY" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне:
1) жер учаскелерін пайдаланған уақытта, уақытша жер пайдалану құқығынсыз, елді мекендердің аумағын күтіп-ұстауды қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар санитарлық-эпидемиологиялық қағидалары мен нормаларын ескере отырып, объектіге іргелес аумақты күтіп-ұстауды;
2) жер теліміндегі орналасқан инженерлік желілерге техникалық қызмет көрсету және қажет жағдайда жаңасын орнату үшін пайдалану қызметтерінің жер теліміне кедергісіз енуін қамтамасыз ету қажет.
4. "Жер теліміне қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің қаржы-экономикалық мәселелер, өнеркәсіп, индустрияландыру және инвестициялар, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Ұлытау облысының әкімі | Д. Рыспеков |