Республикалық терминология комиссиясы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 18 наурыздағы № 116 бұйрығы

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 5-1) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 157) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда Республикалық терминология комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің "Мемлекеттік терминология комиссиясын құру туралы" 2022 жылғы 19 қыркүйектегі № 48 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі міндетін атқарушының "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің "Мемлекеттік терминология комиссиясын құру туралы" 2022 жылғы 19 қыркүйектегі № 48 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" 2023 жылғы 3 мамырдағы № 194 бұйрығы жойылсын.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нұрбек

  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрінің
2024 жылғы 18 наурыздағы
№ 116 бұйрығына
1-қосымша

Республикалық терминология комиссиясының құрамы

Төраға


Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі;

Төрағаның орынбасары


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы;

Хатшы


Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары;




Қоғамдық-гуманитарлық бағыт

Артықбаев
Жамбыл Омарұлы


тарих ғылымдарының докторы (келісім бойынша);

Әлісжан Сарқыт Қалымұлы


филология ғылымдарының докторы (келісім бойынша);

Баймұрат Сағидолла Мүтиғоллаұлы


заң ғылымдарының магистрі (келісім бойынша);

Байменше Серікқали Ердіғалиұлы


филология ғылымдарының докторы (келісім бойынша);

Жонкешов Бауыржан Сейсенбекұлы


филология ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша);

Қамбар Бақытгүл


экономика ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша);

Қамзабекұлы Дихан


филология ғылымдарының докторы (келісім бойынша);

Құлманов Сәрсенбай Қуантайұлы


филология ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша);

Махамбетова Айгүл Көбейсінқызы


құқық магистрі (келісім бойынша);

Нұрышева Гүлжиһан Жұмабайқызы


философия ғылымдарының докторы (келісім бойынша);

Омашұлы Дәуітәлі


журналист, аудармашы (келісім бойынша);




Жаратылыстану-математика бағыты

Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы


филология ғылымдарының докторы (келісім бойынша);

Айдарбек Қарлығаш Жамалбекқызы


филология ғылымдарының докторы (келісім бойынша);

Бажықова Күлзада Бегалықызы


химия ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша);

Ерғазина Марал Жүнісбекқызы


медицина ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша);

Иманбаева Ақжүніс Алтайқызы


биология ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша);

Иманқұл Төлеухан Шойбасұлы


физика-математика ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша);

Көмеш Тоқтархан


"Физика және астрономия" мамандығы бойынша философия докторы (PhD) (келісім бойынша);

Қарманов Тоғыс Досмырзаұлы


техника ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша);

Құрманбайұлы Шерубай


филология ғылымдарының докторы (келісім бойынша);

Мамырбаев Өркен Жұмажанұлы


"Ақпараттық жүйелер" мамандығы бойынша философия докторы (PhD) (келісім бойынша);

Сапаров Қуат Табылдыұлы


география ғылымдарының докторы (келісім бойынша).

  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрінің
2024 жылғы 18 наурыздағы
№ 116 бұйрығына
2-қосымша

Республикалық терминология комиссиясы туралы ереже 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Республикалық терминология комиссиясы туралы ереже "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 5-1) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 157) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Республикалық терминология комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттің барлық салалары бойынша қазақ тілінің терминологиялық лексикасы саласында ұсыныстар тұжырымдайтын консультациялық-кеңесші орган болып табылады және өз қызметін қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағыттары бойынша жүзеге асырады.

      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Комиссия өз қызметінде:

      байырғы қазақ лексикасы сөздерінің қорын барынша пайдалану;

      лексикалық қорды және қазақ тілінің сөзжасамдық тәсілдерін ұтымды пайдалану;

      термин жасауда басқа түркі тілдерінің оң тәжірибесін пайдалану;

      тіл нормаларына сәйкестік;

      тілдегі сөзжасам заңдылықтарына сәйкестік;

      термин синонимдерінің, фонетикалық, графикалық, морфологиялық, сөзжасамдық жəне синтаксистік нұсқаларының болмауы;

      терминдерді шет тілдерден тіл нормаларына бейімдеу арқылы алу;

      терминнің туынды сөз жасауға қабілеттілігінің болуы;

      ғылымның, техниканың салалық аяларында семантикасы немесе формасы бойынша тегі жағынан жақын терминдердің қолданылуын үйлестіру, сондай-ақ ұлттық және кірме терминдердің табиғи теңгерімін сақтау принциптерін ұстанады.

      5. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      6. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі, бірақ жылына алты реттен кем емес.

2-тарау. Комиссияның мiндеттерi

      7. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:

      1) экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттiң әртүрлі салалары бойынша қазақ тілінің терминологиялық лексикасы саласында ұсыныстар тұжырымдау;

      2) терминдерді қарау және қабылдау;

      3) экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттiң әртүрлі салалары бойынша Комиссия бекiткен терминдердi бюллетеньдер мен салалық терминологиялық сөздiктер түрiнде шығару, сондай-ақ терминдердi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға ұсынымдар дайындау;

      4) қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағыттары бойынша секциялар құру, соның ішінде экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттің тиісті салалары бойынша;

      5) терминдердің практикалық пайдаланылуы мен қолданылуының дұрыстығы мен дәйектiлiгiн айқындау мақсатында, қажет болған жағдайда қазақ тiлiнiң терминологиясын жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды дайындау үшiн мамандарды, ғалымдарды, экономиканың, ғылымның, техника мен мәдениеттің тиісті салаларының терминологиялық секцияларының мүшелерін, сондай-ақ мүдделi мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерін тарту.

3-тарау. Жұмысын ұйымдастыру

      8. Комиссияның отырыстары оның төрағасы бекiтетiн жұмыс жоспарына сәйкес өткiзiледi.

      9. Егер отырыстарға Комиссияның тиісті бағыт мүшелерiнiң жартысынан көбi қатысса, күшi бар деп саналады.

      10. Комиссия төрағасы болмаған кезеңде оның міндеттерін Комиссия төрағасының орынбасары жүзеге асырады.

      11. Комиссияның хатшысы Комиссияның жұмыс жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді, отырыстардың хаттамаларын ресімдейді.

      12. Комиссияның жұмыс органы Комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті материалдарды (терминдердің тізбесін, лингвистикалық сараптама қорытындысын) дайындайды, олар Комиссия отырысы өткізілгенге дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса Комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.

      13. Комиссияның отырыстары офлайн режімде және/немесе қолжетімді онлайн-сервистер пайдаланыла отырып өткізіледі.

      Аралас режімде қолжетімді онлайн-сервистер бір мезгілде пайдаланылатын бетпе-бет формат пайдаланылады.

      14. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға Комиссияның тиісті бағыты мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Комиссия отырысында осы ережеге қосымшаға сәйкес дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Отырыс онлайн немесе аралас режімде өткізілгенде, Комиссия мүшелері толтырылған дауыс беру парақтарын 2 (екі) жұмыс күні ішінде Комиссия жұмыс органының қызметтік электрондық поштасына жолдайды.

      15. Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.

      16. Дауыс беру парақтарымен қоса, Комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.

  Республикалық
  терминология комиссиясы
  туралы ережеге
  қосымша

Республикалық терминология комиссиясы мүшелерінің ДАУЫС БЕРУ ПАРАҒЫ _________________________________________ Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы

      № отырыс

      күні:

Мәселе №

Мәселенің мазмұны

Шешім жобасы

Комиссия мүшесінің шешімі

қолдаймын

қолдамаймын

пысықталсын

күн тәртібінен алып тасталсын

ескертпе (егер шешімді қолдаса, толтырылмайды)

1.








      ____________________

      қолы

      Ескертпе: тікелей комиссияның отырысында толтырылады және дауыс беру нәтижелерін есепке алу үшін жұмыс органының қызметкерлеріне беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады