Жетісу облысы Талдықорған қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Жетісу облысы әкімдігінің 2024 жылғы 11 желтоқсандағы № 404 бірлескен қаулысы және Жетісу облыстық мәслихатының 2024 жылғы 11 желтоқсандағы № 24-146 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Республикалық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 21 маусымдағы қорытындысы негізінде Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Талдықорған қаласының құрамдас бөліктеріне келесі атаулар берілсін:

      "Береке" тұрғын үй алабы бойынша:

      1)№ 12 көшесіне – "Есет батыр" көшесі;

      2)№ 14 көшесіне – "Керей хан" көшесі;

      3)№ 15 көшесіне – "Жәнібек хан" көшесі;

      4)№ 16 көшесіне – "Тұманбай Молдағалиев" көшесі.

      Талдықорған қаласының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан:

      1)№ 16 көшесіне – "Ер Жәнібек" көшесі.

      Талдықорған қаласының "Шығыс" шағынауданының Шығыс айналмасынан басталып Шығыс өнеркәсіп аумағына дейін атауы жоқ тасжолын – "Сағадат Нұрмағанбетов" көшесі.

      2. Талдықорған қаласының М. Фрунзе көшесі – "Жазылбек Қуанышбаев" көшесі деп қайта аталсын.

      3. Осы бірлескен Жетісу облысы әкімдігі қаулысының және Жетісу облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен Жетісу облысы әкімдігінің қаулысы мен Жетісу облыстық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жетісу облысының әкімі Б. Исабаев
      Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы Г. Тойлыбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады