Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талдықорған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 12 қаңтардағы "Талдықорған қаласының аумағында орналасқан ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" № 15-89 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешім келесі мазмұндағы 1-1- тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Осы шешімнің 2- қосымшасына сәйкес Еркін ауылдық округінің және 3-қосымшасына сәйкес Өтенай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.";
көрсетілген шешім 2, 3- қосымшалармен толықтырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Талдықорған қалалық мәслихатының төрағасы | Т. Ахажан |
Талдықорған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 19-116 шешіміне 2- қосымша |
Еркін ауылдық округінде жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы | Өкілдерінің саны (адам) |
Еркін ауылдық округі | |
Еркін ауылы | 3 |
Көктал елді мекені | 3 |
3 – ші бөлімше | 3 |
Талдықорған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 19-116 шешіміне 3- қосымша |
Өтенай ауылдық округінде жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы | Өкілдерінің саны (адам) |
Өтенай ауылдық округі | |
Өтенай ауылы | 3 |
Еңбек ауылы | 3 |
Мойнақ ауылы | 3 |
Ынтымак ауылы | 3 |
Пригордное ауылы | 3 |