Талдықорған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 12 қаңтардағы "Талдықорған қаласының аумағында орналасқан ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" № 15-89 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жетісу облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 қарашадағы № 27-163 шешімі

      Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Талдықорған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 12 қаңтардағы "Талдықорған қаласының аумағында орналасқан ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" № 15-89 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 192650 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 2,3-қосымшалары осы шешімнің 1,2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талдықорған қалалық мәслихатының төрағасы Т. Ахажан

  Талдықорған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 қарашадағы № 27-163 шешіміне 1- қосымша
  Талдықорған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 12 қаңтардағы № 15-89 шешіміне 2- қосымша

Еркін ауылдық округінде жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атаулары

Өкілдердің саны (адам)

Еркін ауылдық округі


Еркін ауылы

9

Көктал елді мекені

7

3 – ші бөлімше

3

  Талдықорған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 қарашадағы № 27-163 шешіміне 2- қосымша
  Талдықорған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 12 қаңтардағы № 15-89 шешіміне 3 – қосымша

Өтенай ауылдық округінде жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атаулары

Өкілдердің саны (адам)

Өтенай ауылдық округі


Өтенай ауылы

4

Еңбек ауылы

3

Мойнақ ауылы

3

Ынтымак ауылы

3

Пригордное ауылы

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады