Кербұлақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қарашадағы "Кербұлақ ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" № 08-71 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Жетісу облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 ақпандағы № 12-100 шешімі

      Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Кербұлақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қарашадағы "Кербұлақ ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" № 08-71 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешім келесі мазмұндағы 2 тармақпен толықтырылсын:

      "2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Кербұлақ ауданында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.";

      көрсетілген шешім 2 қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кербұлақ аудандық мәслихатының төрағасы Қ. Бекиев

  Кербұлақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы "19" ақпан № 12-100 шешіміне 2 қосымша

Кербұлақ ауданында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Ауылдық округ атауы

Өкілдерінің саны (адам)

1.

Сарыөзек ауылдық округі

3

2.

Сарыбұлақ ауылдық округі

3

3.

Сарыбастау ауылдық округі

3

4.

Қарашоқы ауылдық округі

3

5.

Қоғалы ауылдық округі

3

6.

Көксу ауылдық округі

3

7.

Талдыбұлақ ауылдық округі

3

8.

Шұбар ауылдық округі

3

9.

Басши ауылдық округі

3

10.

Алтынемел ауылдық округі

3

11.

Жайнақ батыр ауылдық округі

3

12.

Жоламан ауылдық округі

3

13.

Қызылжар ауылдық округі

3

14.

Қаспан ауылдық округі

3

15.

Шанханай ауылдық округі

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады