"Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жол жүруге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2024 жылғы 13 наурыздағы № 112, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 15 наурыздағы № 143 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 15 наурыздағы № 129/НҚ бірлескен бұйрығы

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының автомобиль өткізу пункттері арқылы Өзбекстан Республикасына кіре отырып, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен үшінші елдерден жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық тасымалдаушыларға Өзбекстан Республикасының Өзбекстан түрінің үшінші елдерге/елдерден шетелдік рұқсаттарды беру процестерінің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жол жүруге рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап 2025 жылғы 1 шілдеге дейінгі кезеңде "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жол жүруге рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсету бойынша пилоттық жоба іске асырылсын.

      3. Отандық тасымалдаушылардың пилоттық жобаға қатысуы ерікті болып табылады.

      4. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті (А.С. Әлі) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен (Ж.Ж. Дүйсембиев) және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетімен (А.У. Уаисов) бірлесіп, осы бірлескен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік, қаржы, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Ж.Ж. Дүйсембиев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықтың техникалық іске асырылуын қамтамасыз етсін.

      6. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік, қаржы, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлеріне жүктелсін.

      7. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік жиырма күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі М. Такиев
      Қазақстан Республикасының Көлік министрі М. Қарабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің
2024 жылғы 13 наурыздағы
№ 112
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2024 жылғы 15 наурыздағы № 143
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2024 жылғы 15 наурыздағы № 129-НҚ
бірлескен бұйрығымен
бекітілген

"Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жол жүруге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жол жүруге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жол жүруге рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда қолданылатын мынадай негізгі ұғымдар:

      1) рұқсат беру жүйесі қолданылып/қолданылмай автокөлік құралына рұқсат беру карточкасы (бұдан әрі – рұқсат карточкасы) − халықаралық автомобиль жүктерін тасымалдауда автокөлік құралын пайдалануға рұқсат беретін құжат;

      2) рұқсат беру жүйесін қолданып/қолданбай жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат куәлігі − Қазақстан Республикасының автомобиль тасымалдаушыларына жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға құқық беретін құжат;

      3) көрсетілетін қызметті алушы − халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын отандық тасымалдаушылар;

      4) көрсетілетін қызметті беруші − Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары;

      5) отандық тасымалдаушы − Қазақстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы ратификациялаған шет мемлекеттер арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің аумағы бойынша халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар және заңды тұлғалар;

      6) Өзбекстан түрінің үшінші елдерге/елдерден шетелдік рұқсаты - Қазақстан Республикасының автомобиль өткізу пункттері арқылы Өзбекстан Республикасына кіре отырып, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы үшінші елдерден жүктерді транзитпен тасымалдау кезінде пайдаланылатын рұқсат (бұдан әрі − шетелдік рұқсат);

      7) шетелдік рұқсаттарды беруге арналған квота (бұдан әрі – квота) – Жүйенің Өзбекстан Республикасының уәкілетті органы ақпараттық жүйесімен паритеттік алмасу және интеграция шеңберінде айқындалатын отандық тасымалдаушыларға берілуі мүмкін шетелдік рұқсаттардың ең көп саны;

      8) уәкілетті орган − Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті;

      9) веб-портал (бұдан әрі − Портал) − өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес уәкілетті орган айқындайтын электрондық кезектің автоматтандырылған жүйесіне қол жеткізуді ұсынатын Интернет желісінде орналастырылған интернет-ресурс;

      10) электрондық кезектің автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі –Жүйе) − Қазақстан Республикасынан шыққан кезде өткізу пунктінде автомобиль көлігі құралдарының кіру уақытын брондауға арналған бағдарламалық-аппараттық кешен.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қолданылады.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі пилоттық жоба Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасымен кедендік шекарасындағы мынадай:

      1) Атамекен (Түркістан облысы);

      2) Б. Қонысбаев (Түркістан облысы);

      3) Қазығұрт (Түркістан облысы);

      4) Қапланбек (Түркістан облысы);

      5) Тәжен (Маңғыстау облысы) өткізу пункттерінде іске асырылады.

2-тарау. Отандық тасымалдаушыларға шетелдік рұқсаттарды беру

      4. Көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызметті алу үшін тіркелген жері бойынша тиісті көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүктерді тасымалдауға электрондық шетелдік рұқсат алуға ЭЦҚ-мен қол қойылған өтінішті (бұдан әрі − өтініш), сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі − Талаптар тізбесі) 8-тармағында көзделген құжаттарды Портал арқылы жібереді. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші ақылы негізде көрсетеді.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, процестің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшада жазылған.

      Мемлекеттік қызмет мынадай үш кезеңде көрсетіледі:

      1) Жүйенің көрсетілетін қызметті алушыға жолаушылар мен жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін рұқсат құжатын бергені үшін алым сомасын төлеу үшін хабарлама (бұдан әрі – алым сомасын төлеу үшін хабарлама) жолдауы;

      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық шетелдік рұқсатты Жүйемен қалыптастыру;

      3) электрондық шетелдік рұқсатты іске қосу.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті Порталға түскен күні тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушыға Портал арқылы өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      Өтініш тіркелген сәттен бастап ол көрсетілетін қызметті берушінің қызметкеріне орындауға жіберіледі.

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтінішті тіркеген сәттен бастап өтінішті толтырудың дұрыстығын және Талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттар мен мәліметтерді интеграциялау арқылы Жүйемен алынған мәліметтердің толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Талаптардың тізбесіне және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарға сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы үшін Жүйеде электрондық шетелдік рұқсатты қалыптастыру мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) рұқсат беру жүйесі қолданылып/қолданылмай жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат куәлігінің болуы;

      2) рұқсат карточкасының болуы;

      3) көрсетілетін қызметті алушының Жүйеде тіркелуі және Қазақстан Республикасынан шығу кезінде өткізу пунктінде көлік құралының кіру уақытын брондау (бұдан әрі – бронь) болуы;

      4) жылжымалы мүлікке құқық куәландыратын құжаттардың болуы;

      5) отандық тасымалдаушының осы тасымалдаушының рұқсат карточкасында көрсетілмеген автокөлік құралдарына шетелдік рұқсаттарды пайдалану фактілерінің болмауы, сондай-ақ соңғы алты ай ішінде отандық тасымалдаушының шетелдік рұқсаттар бланкілерін басқа отандық тасымалдаушыға беру фактілерінің болмауы.

      Жүйемен тахографты мерзімді тексеруден өту мерзімі өткен автокөлік құралдарын міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген автокөлік құралдарына рұқсат карточкалары есепке алынбайды.

      Пилоттық жоба шеңберінде шетелдік рұқсаттарды қолданбай жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат куәлігі, сондай-ақ шетелдік рұқсаттарды қолданбай автокөлік құралына рұқсат карточкалары бар отандық тасымалдаушыларға шетелдік рұқсаттарын беруге жол беріледі.

      9. Ұсынылған құжаттарды қарау және өтінішті ақпараттық жүйелер арқылы тексеру нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға Портал арқылы 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында алым сомасын төлеу үшін хабарлама не осы Қағидалардың 10-тармағының 1)6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.

      Жолаушылар мен жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін рұқсат құжатын бергені үшін алым сомасы (бұдан әрі − алым сомасы) Жүйе арқылы төленуге тиіс.

      Алым сомасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген мөлшерлеме бойынша республикалық бюджетке төленеді және алым төленген күні қолданыста болатын бір реттік айлық есептік көрсеткішті құрайды.

      10. Көрсетілетін қызметті алушыға мынадай:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) квотадан асып кету;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;

      5) негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқықтардан айыру туралы көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болған жағдайда;

      6) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының келісімі болмаған жағдайда, шетелдік рұқсат беруден бас тартылады.

      11. Жеке басты куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), жылжымалы мүлікке құқық куәландыратын құжаттар, рұқсат беру жүйесі қолданылып/қолданылмай жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат куәліктері, рұқсат карточкалары, алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат ("Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайда) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      12. Алым сомасын төлеген күні Жүйеде электрондық шетелдік рұқсат автоматты түрде қалыптастырылады.

      13. Мемлекеттік шекараны нақты кесіп өткен күні көрсетілетін қызметті алушы, өтініштің нөмірін көрсете отырып, электрондық шетелдік рұқсатты алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің қызметкеріне жүгінеді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері Жүйеге кіреді және көрсетілген электрондық шетелдік рұқсатты іске қосады (оған нөмір беріп). Бұл ретте электрондық шетелдік рұқсаттардың нөмірлері көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштерінің кезектілігі тәртібімен Жүйемен бөлінеді және автоматты түрде қойылады.

      Электрондық шетелдік рұқсатты іске қосу көрсетілетін қызметті алушының көлік құралы Қазақстан Республикасынан шығу мақсаттары үшін өткізу пунктінің аумағына кірген кезде көрсетілетін қызметті берушімен тікелей жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының көлік құралы электрондық шетелдік рұқсатты іске қосу күні Қазақстан Республикасынан Өзбекстан Республикасына кетпеген жағдайда, Жүйе мұндай электрондық шетелдік рұқсаттың күшін жояды.

      Электрондық шетелдік рұқсат автокөлік құралы Қазақстан Республикасынан шыққан жағдайда өтелген (пайдаланылған) болып есептеледі. Көрсетілген электрондық шетелдік рұқсатты қайта пайдалануға жол берілмейді.

      14. Көрсетілетін қызметті беруші Жүйе арқылы:

      1) мынадай мәліметтерді көрсете отырып, өтінішті қарау нәтижелері бойынша қалыптастырылған электрондық шетелдік рұқсаттар:

      отандық тасымалдаушының атауы;

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі;

      берілген электрондық шетелдік рұқсаттың нөмірі;

      автокөлік құралының маркасы және мемлекеттік нөмірлік белгісі;

      электрондық шетелдік рұқсаттың берілген күні;

      электрондық шетелдік рұқсатты өтеу күні (Мемлекеттік шекараны кесіп өткен күн);

      2) көрсетілетін қызметті алушы тікелей жүгінген кезде іске қосылған электрондық шетелдік рұқсаттар;

      3) көлік құралы электрондық шетелдік рұқсаттар іске қосылған күні Мемлекеттік шекараны кесіп өтпеген жағдайда Жүйемен күшін жойған электрондық шетелдік рұқсаттар;

      4) көрсетілетін қызметті алушы заңнаманы бұзушылықтарды анықтаған кезде көрсетілетін қызметті беруші жойған электрондық шетелдік рұқсаттар;

      5) мемлекеттік кірістер органдары оны автокөлік құралымен кесіп өткен кезде Мемлекеттік шекарада өтеген электрондық шетелдік рұқсаттар елдер бөлінісінде электрондық шетелдік рұқсаттардың статистикалық есебін жүргізеді.

      Электрондық шетелдік рұқсаттың түпнұсқалығын тексеру Порталда, оның ішінде "QR"-код түрінде берілген электрондық шетелдік рұқсаттардың электрондық тізіліміне сілтеме бойынша жүзеге асырылады.

      15. Электрондық шетелдік рұқсаттың нақты пайдаланылуын растау үшін көрсетілетін қызметті беруші автокөлік құралының Мемлекеттік шекарасы арқылы кіруін/шығуын тіркеудің техникалық құралдарының деректеріне негізделеді.

      16. Автокөлік құралының өткізу пункті арқылы өтуі кезінде электрондық шетелдік рұқсатта көрсетілген автокөлік құралының маркасы мен мемлекеттік нөмірлік белгісі отандық тасымалдаушының рұқсат карточкасында көрсетілген автокөлік құралы туралы деректерге сәйкес келуге тиіс.

      17. Көлік саласындағы уәкілетті орган заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым опреаторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      18. Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым уәкілетті орган басшысының, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына берілуі мүмкін.

      Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Қазақстан Республикасы
ратификациялаған халықаралық
шарттарға сәйкес
Қазақстан Республикасының
тасымалдаушыларына шет
мемлекеттің аумағы бойынша
жол жүруге рұқсат беру"
мемлекеттік қызметін көрсету
жөніндегі пилоттық жобаны іске
асыру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
  ___________________________
  (көрсетілетін қызметті
берушінің атауы)

Жүктерді тасымалдауға электрондық шетелдік рұқсат алуға өтініш

      _______________________________________________________________________

      (жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы)

      Жүктерді тасымалдауға электрондық шетелдік рұқсат беруді сұраймын және мынадай мәліметтерді ұсынамын:

      рұқсат жылы: _________________________;

      электрондық кезектің автоматтандырылған жүйесіндегі бронь нөмірі; өткізу (шығу және кіру) пунктінің атауы және Мемлекеттік шекарадан өтудің жоспарланған күні:

      _____________________________________________________________________;

      автокөлік құралының иесі туралы мәліметтер: _____ (БСН/ЖСН; ұйымның атауы / ТАӘ; мекенжайы, байланыстары);

      автокөлік құралының жүргізушілері туралы мәліметтер: _______ (ЖСН; ТАӘ (бар болса); мекенжайы, байланыстары);

      автокөлік құралы туралы мәліметтер: _______ (техникалық паспорттан: модель, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі, жүк көтергіштігі, отыру орындары);

      тіркеме туралы мәліметтер: _______ (техникалық паспорттан: модель, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі, жүк көтергіштігі);

      автокөлік құралының жүру жолы бойынша баратын елдің және транзиттік шет мемлекеттердің атауы: ___________________________________________;

      жүктердің атауы мен салмағы, жүктерді тиеу орны және түсіру орны

      _____________________________________________________________________.

      Осымен менің дербес деректерімді және ақпараттық жүйелер мен дерекқорлардағы құпия заңмен қорғалатын өзге де мәліметтерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.

      Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған:

      ЭЦҚ деректері:

      ЭЦҚ-ға қол қойылған күні мен уақыты:      

  "Қазақстан Республикасы
ратификациялаған халықаралық
шарттарға сәйкес
Қазақстан Республикасының
тасымалдаушыларына шет
мемлекеттің аумағы бойынша
жол жүруге рұқсат беру"
мемлекеттік қызметін көрсету
жөніндегі пилоттық жобаны
іске асыру қағидаларына
2-қосымша

"Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жол жүруге рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары)

Электрондық кезектің автоматтандырылған жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – Портал)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
Портал арқылы халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін рұқсат құжатын бергені үшін алым сомасын төлеу (бұдан әрі – алым сомасын төлеу туралы хабарлама) не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру үшін хабарлама беру – 2 (екі) жұмыс күні;
Порталда "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жол жүруге рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру Қағидаларға (бұдан әрі – Қағида) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық шетелдік рұқсатты қалыптастыру − алым сомасын төлеу күні;
электрондық шетелдік рұқсатты іске қосу - көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге өтініші бойынша Мемлекеттік шекара арқылы өткен күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

1) жолаушылар мен жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін рұқсат құжатын бергені үшін алым сомасын төлеу үшін хабарлама беру;
2) электрондық шетелдік рұқсатты қалыптастыру;
3) электрондық шетелдік рұқсатты іске қосу;
4) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаларға және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
Жолаушылар мен жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін рұқсат құжатын бергені үшін алым "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген алым мөлшерлемесі бойынша республикалық бюджетке төленеді және алым төленген күнге қолданыстағы бір айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Алым сомасын төлеу Портал арқылы жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі

1) Порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, өтініш беру үшін тәулік бойы;
2) көрсетілетін қызметті беруші - электрондық шетелдік рұқсатты іске қосу үшін Өзбекстан Республикасымен өткізу пункттеріндегі мемлекеттік кірістер органдарының жұмыс регламентіне сәйкес (Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы қазақстан-өзбекстан Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа).
Үшінші кезеңде мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік шекара арқылы өтетін орындарында орналасқан жері бойынша көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы Портал арқылы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қарау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер тізбесі

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында Портал арқылы берілген Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүктерді тасымалдауға электрондық шетелдік рұқсат алуға өтініш;
2) электрондық кезектің автоматтандырылған жүйесіндегі бронь туралы мәліметтер;
3) көлік құралын тіркеу туралы мәліметтер;
4) рұқсат беру жүйесін қолданып/қолданбай жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсатты куәландыру туралы мәліметтер;
5) рұқсат карточкасы туралы мәліметтер;
6) жолаушылар мен жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін рұқсат құжатын бергені үшін алым сомасының бюджетке төленгені туралы мәліметтер.
Осы тармақтың 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші электрондық кезектің автоматтандырылған жүйесімен интеграцияланған ақпараттық жүйелер арқылы тексереді.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Мыналар мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) шетелдік рұқсаттарды беруге арналған квотадан асып кету;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімі) болуы;
5) негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқықтардан айыру туралы көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болуы;
6) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптар

1. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.kgd.gov.kz. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер паспорты" кіші бөлімі.
2. Көрсетілетін қызметті алушының Портал арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
3. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы электрондық нысанда алады.

  "Қазақстан Республикасы
ратификациялаған халықаралық
шарттарға сәйкес
Қазақстан Республикасының
тасымалдаушыларына шет
мемлекеттің аумағы бойынша
жол жүруге рұқсат беру"
мемлекеттік қызметін көрсету
жөніндегі пилоттық жобаны
іске асыру қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Электрондық шетелдік рұқсат (Өзбекстан түрінің үшінші елдерге/елдерден)

      1. Тасымалдаушының атауы* _____________________________________;

      2. Тасымалдаушының мекенжайы* _______________________________________;

      3. Автокөлік құралының моделі, жүк көтергіштігі, отыратын орны және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі* _______________________________________;

      4. Мемлекеттік шекараны кесіп өтудің жоспарланған күні*: __________;

      5. Жарамдылық мерзімі*: 20__ж. __________ бастап 20__ж. _____________ дейін;

      6. Қозғалыс бағыты*: ___________________ бастап ___________________ дейін:

      7. Шекаралық өткізу пунктінің атауы*: ________ _______ шығу ___________ кіру;

      8. Жүктердің атауы _________________________________________;

      9. Жүк салмағы __________________________________________________;

      10. Жүктерді тиеу орны _______________________________________;

      11. Жүктерді түсіру орны _______________________________________;

      12. Өзгелері _____________________________________________________;

      13. Шетелдік рұқсат нөмірі* _________________________.



      Ескерту: * - тармақтарды міндетті түрде толтыру қажет.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады