Арнайы құқық субъектісі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы жүзеге асыратын қызметтермен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 14 мамырдағы № 273/НҚ бұйрығы

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 193-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Арнайы құқық субъектісі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы жүзеге асыратын қызметтермен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің төмендегі бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметі" және ұлттық шлюзі ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту жөніндегі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" 2023 жылғы 2 тамыздағы № 311/НҚ;

      2) "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымында орналастырылған мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" 2024 жылғы 6 наурыздағы № 121/НҚ.

      3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Корпоративтік басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Ж. Мәдиев

      "КЕЛІСІЛДІ":
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі

  Қазақстан Республикы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2024 жылғы 14 мамырдағы
№ 273/НҚ бұйрығымен
бекітілген

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы арнайы құқық субъектісі жүзеге асыратын қызметтерге технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі

      1. Мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жасауға және мемлекеттік функцияларды автоматтандыруға арналған ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін құру, дамыту, тестілеу, сүйемелдеу және оларға жүйелік-техникалық қызмет көрсету;

      2. ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша ақпараттандыру объектілерін, оның ішінде "электрондық үкіметтің", құру, кастомизациялау, дамыту және оларға жүйелі-техникалық қызмет көрсету және экспортқа сату;

      3. ақпараттандыру объектілерін, оның ішінде "электрондық үкіметтің" құру және дамыту бойынша жобаларын басқару мен әдіснамалық қамтамасыз ету үшін экспорқа сату;

      4. "Smart Data Ukimet" ААЖ деректері негізінде дашбордтар құру;

      5. "Smart Data Ukimet" ААЖ-да проактивті мемлекеттік қызметтердің әлеуетті көрсетілетін қызметті алушыларының тізімдерін дайындау (тізімдерді сегменттеу және қалыптастыру);

      6. "Smart Data Ukimet" ААЖ-да деректер витриналарын әзірлеу;

      7. "Smart Data Ukimet" ААЖ деректерді визуализациялау құралдарымен жұмыс бойынша оқыту жүргізу;

      8. "Smart Data Ukimet" ААЖ деректері негізінде кейстерді жасау және сүйемелдеу;

      9. "Smart Bridge" сервистерін пайдалану бойынша қызметтер көрсету және онда орналастырылған сервистерге қолжетімділікті ұйымдастыру;

      10. операторға бекітілген "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінде сервисті орналастыру қызметі;

      11. "Smart Data Ukimet" ААЖ деректері негізінде деректерді талдау нәтижелерін ұсыну;

      12. адам келбетін тану әдісіне негізделген цифрлық сәйкестендіру қызметін ұсыну (биометриялық сәйкестендіру), оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде;

      13. электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтімен құжаттарға/электрондық құжаттарға қол қою қызметтерін ұсыну және электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын тексеру;

      14. "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-2-бабына сәйкес Ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығының қызметін жүзеге асыру, Заңның осы бабы 1-тармағының 3) тармақшасын қоспағанда.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады