"Арнайы құқық субъектісі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 14 мамырдағы № 273/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 149/НҚ бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Арнайы құқық субъектісі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы жүзеге асыратын қызметтермен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 14 мамырдағы № 273/НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы арнайы құқық субъектісі жүзеге асыратын қызметтерге технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жасауға және (немесе) Мемлекеттік орган қызметін автоматтандыруға, оның ішінде мемлекеттік функцияларды автоматтандыруға арналған ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін құру, дамыту, тестілеу, сүйемелдеу және оларға жүйелік-техникалық қызмет көрсету;";

      мынадай мазмұндағы 15 және 16-тармақтармен толықтырылсын:

      "15. мемлекеттік емес ақпараттық жүйелер үшін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды ұсыну:

      1) есептеу ресурстарын ұсыну қызметі;

      2) серверлік жабдықты орналастыру көрсетілетін қызметі;

      3) сервис ретінде бұлтты инфрақұрылым көрсетілетін қызметі (IAAS);

      4) сервис ретінде бұлтты платформа көрсетілетін қызметі (PAAS);

      5) сервис "ретінде бұлтты бағдарламалық қамтамасыз ету қызметі (SAAS);

      16. жасанды интеллект модельдерін құру, оқыту, теңшеу және модельдерді құру үшін қажетті деректерді талдау қызметтерін ұсыну.".

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ведомстволық бағынысты ұйымдарды үйлестіру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Ж. Мәдиев

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады